Жазу мен кітап тарихы

 

  1. Таңбалар тарихы туралы пікірлер. Пиктографиялық жазу.
  2. Түркі тілдерін дәуірлеу. Қағаз жасау әдісі.
  3. Көне түркі руна жазулары. Латын әліппесі, кириллицаны қабылдау.
  4. Қазақ кітаптарының тарихы.

Кирилл жазуының графикасы — өз негізінде дара графика —уақытқа орай өзгеріп отырды. Оның сан алуан түрлерінің ішінен ғалымдар үш негізгі типті — устав, жартылай устав, жедел жа­зу (скоропись) түрлерін бөліп көрсетеді.

 XIV ғасырдың аяғына дейін үстемдік еткен устав
баппен сәнді жазылатын болып келді. Мұндағы әріптердің бәрі
суретке салынғандай, ап-айқын болып шығады. Бұлар тіп-тік,
қатаң геометриялық формада болады. Ең ежелгі уставта бұл —
квадраттар болды деуге болады, ал кейініректе жоғары қарай
созылған тік төрт бұрыш болып келеді. Әріптің жоғарғы жағы,
әдетте теменгі жағынан кішірек болады. Шиыршықтар тік сызыққа жайымен келіп қосылады. Әріптің жолдан шығуына, әдетте, жол берілмейді. Жеке әріптердің жазылуы мен оның уақыт
өтуімен байланысты езгерісі қосымпіаның 2-таблицасында көр-
сетілген.  

Тексте әріптер өзара қосылмайды, олардың ара қашықтығы әрқашан бірдей, текстің сөздер мен сез тіркестеріне бөлінуі әлі жоқ. Қысқарту өте сирек кездеседі: қасиетті деген сөздерде ғана (құдай, рух және басқалар) жол беріліп, олар міндетті түрде титло астына алынады; жиекке шығарылатын әріптер көп болмаған.

Устав жазба ескерткіштері аз сақталған, ал ежелгілері — XI—XII ғасырдағылары — бірен-саран болып келеді. Бұлар: Остромиров евангелиесі (1056—1057), Святослав Изборнигі (1073— 1076), Новгород Юрьев монастырына (1130) ұлы князь Мстиславтың грамотасы, Варлаам Хутинскийдің қосымша беті (1192) және басқа да бірнеше ескерткіштер.

Устав жазба өте тиімді болғандықтан, кітап қолжазба графикасында  бұлар кейінгі ғасырда да, тіпті XVII ғасырға дейін
пайдаланылды.

Азаматтық әдебиет дамып, іскерлік тұрғыдағы жазу-сызу таралуына байланысты XIV ғасырдың жартысынан бастап XV ғасырдың аяғына дейін тұрақтап келген жартылай устав пайда болды. Бұл әбден айқын жазу болғанымен неғүрлым жедел, сондықтан да соншалықты ұқыпсыз жа­зу еді.

Жартылай уставта әріптерді жазудың геометриялық, сымбаттылық принципі бұзылады. Айқын тік сызық орнына қисық сызыққа, тік төрт бұрыштар орнына — үшкір бұрыштарға, ал жаймен өту орнына түзуге қисайтып апарып қоса салуға жол беріледі. Әріптер көлбейлете жазылады  (Жеке әріптердің жазылу ерекшеліктері қосымшаның 3-таблицасында керсетілген.)

Әріптердің арасы алшақтай түседі. Көп сөздер қысқартылып, әріптер титло астына түсіріліп жазылады. Жекелеген жағдайларда текст сөздер мен сөз тіркестеріне бөлінеді. Бұл кезеңде біртұтас негіздер орыс, украин және белорус жазуының ерекшеліктері қалыптаса бастайды.

Жазу процесін едәуір тездетуді талап еткен кітап және іскерлік жазу-сызудың одан әрі дамуы XV ғасырда жедел жазудың пайда болуына жол ашты, бұл москвалық, киевтік және батыстық немесе белорустік болып бірте-бірте бөліне түседі. Жедел жазу, атап айтқанда москвалық жедел жазу, жартылай уставтан шықты, бірақ одан айырмасы: әріптерінің тұрқы аласа, ені кеңірек, созылып, шиыршықтап жазылған, пропорциональды емес болып келеді. Қалай басып, қалай созып жазам десе де, бүл жазу үшін еркіндік тән, жеке әріптердің варианттары көп-ақ және оны жеңілдету үшін уақыт өтуімен байланысты өзгерістер де тез болып тұрған (XV—XVII ғасырлардағы жедел жазудағы жеке әріптердің жазылу ерекшеліктері қосымшаның 4-таблицасында керсетілген).

Текстер жазылған пергамент парақтарының белгілі бір көлемі болмады. Шамамен біздің, жазу қағазымыздың қос парағына тек қағаз парағының шамасы болды десек неғұрлым дәлірек болады. Іс жүзінде текстер не осындай парақта, не екіге, төртке және т. б. бүктелген парақтарда жазылды. Кейіннен бұлар тиісінше былайша белгіленді: 1°, 4°, 8° (парақ, ширек парақ, әшмөшке және т. б.)

Ең ежелгі қолжазбалардың текстері дәптерге қатталған парақтың екі жағына бірдей жазылды. Бұлардың әрқайсысы төрт қос парақтан (16 беттен) тұрды. Егер қолжазба көлемді болса, дәптерлер кітап болып тігілді. Ұзақ сақталуы үшін ол түптелді. Құнды кітаптар күміс немесе алтын жалатылып, қымбат тастармен әшекейленген былғарымен қапталып түптелді. XIII ғасырдан бастап ромбы және жүрекше тәрізді таңбалы ірі торда Ви­зантия үлгісі бойынша жасалған ернектеу (тиснение) қолданыла басталды. XVI ғасырдан бастап бұл неғұрлым астарлы да курделі бола түседі, XVII ғасырдың орта шенінен бастап алтындап салған өрнектер ұшырайды. Осылайша түптелген кітаптарды бұзылудан сақтау үшін, бұларға кейде сирақтар жасаған (басты шегелер қаққан).

Қымбат кітаптардың иелері, оның әрбір бетінін, өзі керкем шығарма түрінде болуы үшін қам жасаған. Бұны жақсы қағазға әсемдеп жазылғандығынан ғана емес, сондай-ақ арнаулы әшекейлермен безендірілгендігінен де көруге болады. Қолжазбаның немесе тараудың, немесе кейде тіпті абзацтың басында заставкалар, яғни парақтың бүкіл енін, ал биіктігі жағынан кейде оның үштен біріне дейінгісін алып жатқан безендірілген өрнектер жасалды. Қолжазбаның қалған бөліктері инициалдармен, яғни әсем етіліп жазылған және әшекейленген бас әріптермен көріктендірілді. Кейде кітаптың жиегіне («жиектегі гүлшелер»), кітап соңына да әшекей жасалды.

Осы аталған ою, әшекейлердің бәрі белгілі бір стильде болды. XI—XII ғасырларда стильдеген нәрселер кірістіріліп жазылған (негізінен алғанда өсімдік дүниесі), ең қарапайым геометриялык фигуралардан тұратын көне орыс немесе көне Византия ою-өрнегі басым болды. XIII ғасырдан бастап оюларда ұлттық, халықтық сарындардың ықпалы мен сюжеттері орын алды. Өзара өрімделген белдіктер мен бұтақтардың фонында рамка ішінде және одан тыс фантастикалық жануарлар — аждаһалар, грифтер. арыстандар бейнеленді. Ою-өрнектің мұндай стилі ғажайыптык (тератологиялық) деп аталады.

XVI ғасырдың ортасынан Россияда басталған кітап басудың жағдайларына орай жаңа ою-өрнек туды. Әшекейлер тек екі түске—аққа қарамен немесе керісінше қараға ақпен жасалды. Бейнелердің көпшілігі аралықтарына стильденген гүлдер және басқа өсімдіктер салынған геометриялық формалар, әсіресе дөңгелектер мен квадраттар болады. Штрихтар қолданыла бастайды.

Бұдан әрі кітап басудың жетіле түсуі ою-өрнекті күрделілендіруге мүмкіндік берді. Оқырмандардың талғамына сәйкес (XVII ғасырдың екінші жартысынан бастап) ою-өрнек үш түсті болды да, өнер үстемдік еткен стильдердің — XVII ғасырда — барокко, XVIII ғасырда — рококо, ал XIX ғасырдың басында — ампира  стильдерінің ықпалына ұшырады.

Оқиғалардың ашпа беттеріне онда не туралы айтылатынын бейнелейтін миниатюралар көптеген құнды қолжазбалардың әшекейі болды. Ашпа беттегі бейнелер ежелгі шіркеу кітаптарында, кейбір көне сыйлық грамоталарында ұшырайды. Миниатюралардың көпшілігі белгілі бір жылнамаларда бар, мысалы, Радзивиллов (немесе Кенигсберг) жылнамасында. XVI ғасырдың екінші жартысындағы 12 томдық жылнама жинағының ашпа бетінде бар, бұнда 16 мың бейне салынған т. б.

Бұлар XVII ғасырдың ескі ғұрып қолжазбаларында да ұшырайды. Кітап басудың дамуымен байланысты ашпа бет бейнелерді кітап гравюрасы бірте-бірте ығыстыра түсті.

Миниатюралардағы бейнелеу тәсілдері заказ берушінің де, орындаушының да көркемдік талғамдарына сай келді .XI—XIII ғасырлардың пергамент қолжазбаларының ашпа бет бейнелері сол заманның фрескалық және мозаикалық бейнелеріне тән монументальдығымен көзге түседі. Сыры қалың, ашық етіліп жағылатын еді.

XIV—XV ғасырларда пергамент қолжазбалардағы суреттер әлі де болса монументальды живописьтің ескі дәстүрлерін ұстады. Алайда қағаздың пайда болуы неғұрлым жеңіл акварельді живописьті игеруге мүмкіндік берді. А.Рублев живописінің ықпалына түскен XV ғасырдағы миниатюра жасаушылардың творчествосында, икона салу тәсілдерін сақтай отырғандығымен, реалистік тенденциялар болғандығы да байқалады.

XVI ғасырда — XVI ғасырдың бірінші жартысында миниатю­ралар станоктық, ал содан кейін портреттік живописьтің («пар­сун жазуы») ықпалын бастан өткереді, реалистік тенденциялар бұдан арғы жерде Симон Ушаковтың есімімен байланысты бо­лады. Шартты түрде алынғандығына қарамастан, олар көптеген тарихи оқиғалар мен орыс халқының тұрмысы — қолөнерші мен шаруаның еңбек қызметі, соғыс шайқастары, вече жиналыстары, халық көтерілістері т. б. туралы нақтылы ұғым береді. Бұл мәселе жөніндегі қызықты материалды мына кітаптан табуға бо­лады: О. И. Победова. Миниатюры русских исторических рукопи­сей (к истории русского лицевого летописания). М., 1965.

Кітаптан айырмашылығы—грамоталар парақтың бір жақ бетіне жазылды, мұны қолайлы болу үшін екіге немесе үшке тіліп бөлді. Егер де осындай бір парақ жетпесе онда бұған екінші, үшінші парақтар жапсырылды. Сонда лента («столпец») болып шықты, мұның екінші жағына дьяктар өз белгілерін, ал түзетуге жол бермеу үшін жапсырылған жерлеріне «Скрепа» жасады. «Столпецтер» XVI—XVII ғасырларда Москва приказдарының іс жүргізу практикасында әсіресе кеңінен қолданылды. Бұлардың көпшілігі мазмұны жағынан өзара байланыскан документтердің бүтін сериясынан тұратын. Мұндай «столпецтер» көбіне 15—20 м, тіпті одан да ұзын болатын. Сондай-ақ жеке документтердің кө­лемі де бұдан кем болмайтын, көбіне бұдан әлдеқайда артып кетіп те отырды. Мәселен, 1649 жылғы Собор уложениесінің түп нұсқа тексі біріктіріп жапсырылған 959 парақтардан тұрған «столпецтер» болып келеді де, ұзындығы 300 метрден асады.

«Столпецтер» шиыршықтап оралатын да, оларды сақтау қолайсыз болатын. Сондықтан да XVIII ғасырдан бастап парақтар дәптерге тігілетін болды. Осы уақыттан бастап парақтарды жолақ етіп тілуді қояды да, парақтың екі жағына бірдей жаза бастайды, бұл қағазды үнемдеуге мүмкіндік береді. Бір мазмұнды немесе тектес маңызды материалдары бар дәптерлер біріктіріліп, буылды. Мұндай «буындылар» нөмірленді де, канцеля­рия архивтерінде сақталды (XVIII—XIX ғасырлар). Қолжазбаларды әсем етіп көрсету үшін ерекше декоративтік жазба — вязь жиі қолданылды, мұнда қысқартып және әсемдеудің көмегімен текст біркелкі және тегіс өрнектеумен байланыстырылды. Бұл жағдайларда әсіресе алдыңғы және кейінгі әріптер үшін қайсыбір белгілерді немесе сызықтарды пайдалану, бір әріпті екіншісіне бағындыру немесе екі әріпті бір-біріне бағындыру кеңінен қолданылды. Әдетте вязь арқылы қолжазбаның бас тақырыбы немесе бастапқы бөліктері ерекшеленді. Бұлар көбіне қызыл не­месе қандайда болсын басқа бір ашық бояумен жазылатын-ды.

Вязьбен жазылған текстері бар алғашқы орыс қолжазбалары XIV ғасырдың аяғына жатады. XV ғасырда вязь ете кеңінен таралады, ал XVI ғасырда кейбір ірі қалаларда — Москвада, Новгородта, Псковта — вязь жазуының өз стилі қалыптасады. Бұлар XVII ғасырдың ортасына қарай бірте-бірте унификацияланады. Оның бүкіл тарихының өн бойында жазудың бұл түрінің өзіне тән белгісі — әріптің биіктігін ұлғайтуға ұмтылу. Eгерде XV ғасырда әріптің биіктігі енінен әдетте 3—4 есе ұзын болса, енді XVII ғасырда бұл қатынас 10—12-ге дейін артады, мұндай әріптер енді қиын оқылады. Вязьдің мұндай XIX ғасырлардағы шіркеу кітаптарында да болған.

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. О. И. Победова. Миниатюры русских исторических рукопи­сей (к истории русского лицевого летописания). М., 1965.
  2. Л. В. Черепнин. Русская палеография. М., 1956, 224—229, 335—340, 466-беттер.
  3. М. Н. Тихомиров пен А. В. Муравьев. Русская палеогра­фия (М., 1966, 35—36-бет)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *