Сабақтың мақсаты: Палеография ұғымы, міндеттері және ғылымының дамуын қарастыру.
- Палеография ұғымы, міндеттері.
- Қолжазбаның жазу материалын, қолтаңбасын, кестесі мен ою-өрнек миниатюрасын анықтау. Жазу материалы түрлері.
- Палеографияның зерттеу әдістері, салыстырмалы тарихи зерттеулерге қойылатын негізгі талаптар.
- Палеография ғылымының дамуы.Түрік жазуының түп-төркіні және ескерткіштерінің аудармалары.
- Орхон-Енесей жазбалары, тарихи маңызы. Талас, Кеген, Еріс бойы жазбаларының зерттелуі. Қазақ тілінің дамуының негізгі дәуірлері
Палеография дегеніміз жазба түп деректердің сыртқы жағын, соның ішінде графиканы, бұлар жазылған материалды, қағаз бетіндегі судағы белгілерді, қолжазбалардың форматы мен безендірілуін зерттейтін қосалқы тарихи пән. Палеографияны білу қолжазбаны дұрыс оқып шығуға, оның пайда болған уақыты мен орнын, автордың аты-жөнін, оның дұрыстығын немесе жалғандығын, текст тарихын т. б. анықтауға көмектеседі.
Ұғымның негізгі маңызына сәйкес (грекше яаЯаіов — «ежелгі» және ypaqxo — «жазамын») палеография әуел баста ежелгі қолжазбаларды зерттеумен шұғылданды. Қазіргі кезде жаңа заманның қолжазбасының сыртқы жақтары да зерттеледі. Осыған байланысты жаңа термин — «Неография» да пайда болды.
Ғылыми пән ретінде палеография XVIII ғасырдың бірінші
жартысында Францияда пайда болды, бірақ бұған дейін көп ғасыр бұрын-ақ бірқатар елдерде палеографиялық талдау тәсілдері
практикалық мақсаттарда қолданылып келді. Мәселен, Россиядағы сот процестерінде XV ғасырда-ақ палеография көмегімен
актылар мен грамоталардың жалғандығы талай рет дәлелденді.
XVIII ғасырдың басында ескі ғұрыптағы ағалы-інілі Денисовтардың православие шіркеуі жасап шығарған өңі бұрмаланған екі
документті әшкерелеуі палеографиялық талдаудың үлгісі бола
алады.
XIX ғасырдың бірінші жартысында қолжазбалардың палеографиялық ерекшеліктеріне ғалымдар қадала көңіл аудара бастады, ал ғасырдың орта кезінде-ақ ең ежелгі славян қолжазбаларына бағалы палеографиялық байқаулары бар А. В. Горскийдің, К. И. Невоструевтің еңбектері пайда болды.
1885 жылы И. И. Срезневскийдің палеография жөнінде алғашқы басшылық құралы жарияланды, ал содан соң бірқатар оқулықтар мен еңбектер, соның ішінде Е. Ф. Карскийдің, Н. П. Лихачевтің, И. С. Беляевтың және А. И. Соболевскийдін еңбектері жазылды.
Совет ғалымдары палеографияға әрқашан да үлкен көңіл бөліп отырды. 1918 жылы В.Н.Щепкиннің орыс палеографиясы жөніндегі оқулығы басылды (1967 ж. қайта басылды), ал 1928 жылы Е. Ф. Карскийдің курсы қайта басылды. Ұлы Отан соғысынан кейін Н.С. Чаев пен Л.В.Черепниннің (1947) және Л.В.Черепниннің (1956) келесі оқулықтары, сондай-ақ бірнеше палеографиялық альбомдар жарияланды.
Ақыры, 1966 жылы М.Н.Тихомиров пен А.В.муравьевтің жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Орыс палеографиясы» деген арнаулы құралы даярланды.
Қолданылатын әдебиеттер:
- Бурнашева Г.З. Монетный материал в городище Отрар Тобе. А, 1974
- Введение в специальные исторические дисциплиныМ, 1990
- Государственные символы РК. А,1997