Мақсаты: Ежелгі Шығыс тарихы елдерінің тарихы — алғашқы құл иеленушілік қоғамдар мен мемлекеттер тарихы. «Ежелгі Шығыс тарихы» ұғымы, оның географиялық және хронологиялық шеңбері. «Классикалық Шығыс» термині ұғымдарын жете меңгеру.
- Ежелгі Шығыс тарихының жалпы тарих курсында алатын орны.
- Географиялық шолу және курстың хронологиялық шеңбері.
- Ежелгі Шығыс елдерінің дамуындағы табиғи жағдайдың маңызы.
- Ежелгі Шығыс тарихы бойынша деректер және олардың түрлері.
- Ежелгі Шығыс тарихының тарихнамасы.
Ежелгі Шығыс тарихы елдерінің тарихы- бұл алғашқы таптық қоғам мен мемлекеттер тарихы. Ежелгі Шығыс тарихы Ежелгі дүние тарихы курсының құрамдас бөлігі болып табылады. Ежелгі Шығыс тарихы адамзат қоғамы тудырған алғашқы өркениеттік ошақтар тарихы. Ежелгі Шығыс тарихы Ежелгі Греция және Рим тарихымен бірге адамзат қоғамының дамуындағы жаңа тарихи дәуірді-Ежелгі дүние тарихының негізін береді. Және сол дәуір бірнеше басты деп саналатын өркениеттік белгілерді береді:
- Өндіруші шаруашылықтың шығуы, қоғамдық бақылауға түсетін қосымша өнімді әкелетін оңтайлы ұйымдастырылған экономика;
- Жеке меншіктің шығуы және мүліктік иелікке ие болу, соның ішінде жерді иелену мүмкіншілігі, яғни байлықтың бір қолда шоғырлануы және одан басқа біреулердің айырылып қалуы. Бұл, өз кезегінде әлеуметтік жіктелеуге және бай мен кедейлер тобының пайда болуына әкеліп соқты.
- Әлеуметтік қатынастар мен қақтығыстарды реттейтін ерекше ұйымдардың пайда болды, нақтылап айтсақ құқықтық және мемлекеттік институттардың шығуы.
- Аймақтық немесе облыстық шаруашылық, әкімшілік, әскери және мәдени-діни орталығы ретінде қаланың пайда болуы қала аймақтағы материалдық игіліктердің және интеллектуальдық ресустардың шоғырланған орталығына айналуы қала біртіндеп қоғамдық қарқынының ұйымдастырушысы болып қалыптаса бастады;
- Енді туындай бастаған өркениеттердің орасан мүмкіндіктерін көрсететін алып және кешенді құрылыстардығ жүзеге асырылуы. Бұл өркениеттердің мүмкіндіктерінің қорын және еңбек ресурстарын көрсетеді;
- Жазудың шығуы. Оның даму сатылары. Жазудың шығуы- бұл өркениеттің интеллектуальдық және материалдық облыстарында зор секіріс пен жаңа менталитеттің туғанын көрсетеді.
Қорытындылап айтар болсақ, Ежелгі Шығыс елдерінде бастау алған даму жолдарының астарында, оның қаншалықты қиыншылықты жолдардан өткенін және бүгінгі адамзат қоғамына негіз болуында.
ІІ. Ежелгі Шығыс тарихы курсының басты мақсаты: студенттерге ежелгі шығыстық елдер тарихын, яғни алғашқы таптық қоғамдар мен мемлекеттер тарихының адамзат қоғамының даму тарихындағы өркениеттік бастауына негіз болған тарихи жолын оқытып-үйрету және таныстыру болыптабылады. Сонымен қатар, Ежелгі Шығыс өркениетінің даму ерекшеліктерін ашып көрсету және оның дүниежүзілік мәдениеттің дамуына қосқан үлесін ашып көрсету болып табылады. «Ежелгі Шығыс тарихы» ұғымы арнасында географиялық кең кеңістікті қамтитын елдер мен халықтардың алғашқы өркениетті дамуды қалыптастыру жолындағы тарихын қарастырамыз және оның бүкіләлемдік өркениеттік процестердің ең маңызды да негізгі бастамасы ретінде Ежелгі Шығыс тарихы курсын студенттерге оқытып-үйретудегі басты міндеттер:
- Ежелгі Шығыс тарихы елдерінің өркениеттік дамуындағы табиғи жағдайдың әсері, яғни үш түрлі табиғи жер ерекшеліктері: а) ірі өзендердің бойындағы мемлекеттер, б) теңіз жағалауындағы мемлекеттер, в) жазық жерлерде орналасқан мемлекеттер туралы түсінікті қалыптастыру;
- Ежелгі Шығыс мемлекеттерінің дамуындағы қоғамдық бірлестіктердің орны туралы түсінікті қалыптастыру;
- Ежелгі Шығыс мемлекеттердің экономикасындағы су жүйелерінің алатн маыңыздылығын түсіндіру;
- Ежелгі Шығыс елдеріндегі саяси инстиуттардың пайда болуы, дамуы және қалыптасуын тарихи заңдылықтар тұрғысында түсіндіру;
- Ежелгі Шығыс елдеріндегі құли иеленушіліктің антикалық құл иеленушіліктің ерекшелігін жете түсіндіру;
- Ежелгі Шығыс халықтары және тіл топтары туралы тарихи мағлұмат беру;
- Ежелгі шығыстық қауымдар жүйесі, олардың эволюция және ежелгі шығыс қоғамының әлеуметтік-экономикалық құрылымындағы оның ролі туралы түсінікті қалыптастыру;
- Ежелгі Шығыс халықтарының дамуындағы жалпылық және өркениелікті түсіндіру;
- Ежелгі Шығыс мәдениетінің жасалуы және оның дүниежүзілік мәдениет тарихындағы маңызын нақтылы талдаулар арқылы түсіндіру;
- ХІХ ғасырдың басынан бергі Ежелгі шығыс тарихын зерттеудің жалпы очеркі. Ежелгі шығыс тарихының тарихнамалық зерттелуін игеруге үйрету;
- Ежелгі Шығыс тарихын оқытуда студенттердің оқу қабілеттерін қалыптастыру, атап айтсақ:
- Тарихи білімді жазба деректердің негізінде толықтыру қабілетін қалыптастыру;
- Оқулықтағы материалдарды тарихи деректермен салыстыруды және талдау жасауды үйрету;
- Қосымша әдебиеттер мен тарихи карталарды пайдалану білуді үйретту;
- Лекциялық конспектілер мен семинарлық жауаптар жазуды қалыптастыру;
- Басқа студенттердің жауаптарын тыңдай білуді, тиісті толықтырулар жасауды және өзіндік ғылыми жауаптар беруді меңгерту;
- Ежелгі Щығыс тарихы курсының оқу бағдарламасы курстық жалпы мәселелері және ежелгі шығыстық ерекшелігі мәселелері де жеткілікті қамтылды. Жұмыс бағдарламасы студенттерге аталған курстық кезеңнің тарихын ғылыми тұрғыда егжейлі-тегжейлі игеруге бағытталған.
Әдебиеттер:
- История Древнего Востока.(Под. ред.В.И. Кузищина ) М. 2001.
- История Древнего Востока: Материалы по историографии.(Под. ред. В.И. Кузищина) М.1991
- История Древнего Востока. Т.1: Ранняя древность Т.2:Расцвет древних обществ.Т.3: Упадок древних обществ.(Под. редакцией И.М.Дьяконова , В.Д. Нероновой ) М.1989.
- Источниковедение историиДревнего Востока. (Под.ред.В.И. Кузищина )
М. 1984.
- Хрестоматия по истории Древнего Востока (Под. ред. М.А.Коростовцева, И.С.Кацнельсона, В.И. Кузищина) Т. 1,2 М.1980
- Мифы народов мира: Энциклопедия (Под. ред. С.А. Токарева) М.1991
- Матье М.Э., В.К. Афанасьева, И.М. Дьяконов, В.Г. Луконин. Искусство Древнего Востока. М.1980.