1985 жылғы сәуiр айында Кеңестер Одағы Коммунистiк партиясы Орталық Комитетiнiң пленумы болды. Онда Орталық партия Комитетiнiң Бас хатшысы М.С.Горбачев баяндама жасап, қоғамды демократиялық бағытта қайта құру жӛнiнде шешiм қабылданды. Бiрақ бұл шешiм тек сӛз жүзiнде қалды. Iс жүзiнде ол кеңес қоғамын ыдыратуды тездеттi. Оны Қазақстанның партия, Кеңес органдары қызметiнен байқауға болады.
Қазақстанда Одақтың барлық жерлеріндегі сияқты тоқырау жылдарында басқару ісінде жағымпаздық, парақорлық сияқты кӛптеген келеңсіз құбылыстар кеңінен орын алды. Бұл жылдары ұлт саясатында, әлеуметтік-экономикалық және кадр мәселелерінде кӛптеген ауытқушылыққа жол берілді. Жалпы барлық кеңес қоғамы үшін бұл кезде қоғамдық ойдың мәні ӛзгеріп, сӛз бен істің арасында алшақтық, қайшылық кең ӛріс алды. Кадр мәселелерін шешу партия комитеттерінің тек бірінші басшыларының айтуымен, солардың таңдауымен жүретін болды. Оларды iрiктеуде тек туыстық, жерлестік, бастыққа берілгендік жағдайлар маңызды рӛл атқарды. Бұл Коммунистік партияның, соның ішінде Қазақстан Компартиясының да барлық деңгейінде кӛрініс тапты. Кӛптеген басшы партия қызметкерлері мен партия комитеттері ескіше қызмет етті. Қазақстан
Компартиясының Орталық Комитеті құрамында сапалық ӛзгерістер аз болды. Осыдан келіп, аса маңызды мәселелерді шешуде принципсіздік, тұрақсыздық, қоғамдағы жағымсыз жағдайларды жасыруға, аздаған жақсы істерді ерекше мадақтап, жоғары кӛтеруге, болып жатқан істердің барлығын тек жақсы жағынан кӛрсетуге тырысты. Міне, осымен байланысты 1986 жылғы ақпан айында болып ӛткен Қазақстан Компартиясы XVI съезінде жасаған баяндамасында, ол кезде республика Министрлер Кеңесінің тӛрағасы болып істеген Н. Ә. Назарбаев және съезде шығып сӛйлеген басқа да делегаттар мұндай келеңсіз жағдайларды ӛткір сынға алды. Олар кӛптеген күрделі және маңызды мәселелерді партия комитеттерінің уақтылы шешпейтінін, олардың қызметі ауқымынан тыс қалатынын, проблемалық мәселелерді шешуге ескіше қараудың кеңінен орын алып отырғанын ешқандай бүкпесіз айтып бердi.
Бір ерекше айтып кететін жағдай, қайта құру жағдайында бұқаралық хабарлама органдары елдегі, соның ішінде Қазақстанда болып жатқан жағдайларды, ӛзгерістерді ешқандай бүкпесіз ашық жариялап отырды. Әсіресе, республикада орын алған әлеуметтік және ұлттық қайшылықтар жӛнінде жан-жақты айтылды. Соның арқасында еңбекшілердің азаматтық және ұлттық сана-сезімі едәуір ӛсті. Халық арасында орын алған жұмыссыздық, балалар ӛлімі, халықтың мәденитұрмыстық, үй-жай жӛнінде әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, оның қорытындылары ашық жарияланып отырды. Мұның ӛзі бұқара халықтың саяси-әлеуметтік белсенділігін күшейтуге кӛмектесті.
ХХ ғасырдың 80-жылдарының орта шенінде кеңестік қоғамда түбегейлі ӛзгеріс қажеттігі айқын сезіле бастады.1985 жылы наурыз айында КОКП Орталық Комитетінің пленумында Бас хатшы болып М.С. Горбачев сайланды. Ол сол жылдың сәуір айында ӛзінің “қайта құру” бағытын айқындайды. Кеңестер Одағының жаңа басшылығының жариялаған әлеуметтік-экономикалық қайта құруға бағытталған бағыт, кейін уақыт кӛрсеткендей, оның алдындағы ӛкімет басшылары сияқты ӛзін демократиялық реформатор етіп кӛрсетуге бағытталған талпыныс еді. Оның алғашқы тӛрт жылында (1985-1989 жж.) жеделдету концепциясын жүзеге асыруға бағытталған бірқатар нәтижесіз бастамалар басталды.
Жеделдетудің басты қадамы ретінде ӛндірістік құрылымды, құрал-жабдықтарды, техникалық жүйелерді жаңарту идеясы ұсынылды. Бұл идеяны ұсынушылар – академикэкономист А.Г. Аганбегян және т.б. тұтыну жабдықтарын сатып алуға бӛлінетін валютаны азайтып, үнемделген қаржыны сырттан машина жасау ӛнімін сатып алуға жұмсауды ұсынды. Жоба авторлары бұл шара 1990 ж. қарай құрал-жабдық және машина жасаудың азаматтық салаларының құрал-саймандарының 90% әлемдік стандарт деңгейіне жеткізуге мүмкіндік әперіп, еңбек ӛнімділігін күрт ӛсіріп, жеделдетуге алып барады деп сенді. Аграрлық салада да ғылымитехникалық революцияның жетістіктерін ендіру ауыл шаруашылық ӛндірісін жеделдетеді деп есептеді.
Жеделдету тұжырымдамасы ӛзінің жарамсыздығын ауыл шаруашылығында да кӛрсетті. Бұл салада оның жүзеге асырылмауының басты себебі меншікке байланысты болды. Мемлекеттік колхоздық-совхоздық жүйе ғылыми-техникалық революцияның, жаңа технология мен егіншіліктің ғылыми жүйесінің жетістіктерін қабылдауға дәрменсіз болды. Арендалық әдістерді енгізу еңбеккерлердің қаржы мен еңбек нәтижелерін иемдену, табылған табысты бӛлу принципін ӛзгертпеді. Ӛндіріс құрал-жабдықтары мен еңбек нәтижесінен шеттетілген колхоздар мен совхоз еңбеккерлерінің еңбек ӛнімділігін арттыруға құлқы болмады. Маскүнемдікпен және тәртіпсіздікпен күрес қайта құрудың алғашқы жылында еңбек ӛнімділігін шамалы ғана арттыруға қол жеткізді. Оның есесіне маскүнемдікпен күрес мемлекеттік бюджетті азайтып, тұтыну саласындағы жағдайды шиеленістіріп жіберді. Халықаралық аренада кеңестік басшылық ӛз беделін ӛсіру мақсатында 1985 жылы ядролық сынақты біржақты тоқтатты.
Қайта құру барысында қазақ халқы ӛзінің тарихы, ұлттық қайта даму, ана тілі, мемелекеттік егемендік алу жӛнінде талаптарын қоя бастады, бұл мәселелер жаңа қырынан кӛрініс тапты.
Біздің қоғамымызда демократиялық қатынастардың одан әрі тереңдеп ӛрістеуі кеңестердің қызметінен кӛріне бастады. «Барлық ӛкімет Кеңестерге берілсін!»-деген ұран жанданды. Бұл мәселені ілкі кезде кеңестерге партия басшылығын күшейту арқылы шешу үшін күш салынды, бірақ одан ештеме шықпады. Ӛйткені кейінгі жылдары компартияның қызметінде елеулі кемшіліктер мен тоқыраушылық орын алды. Оның сапа құрамы тӛмендеп кетті. Партия комитеттерінің кеңестерге және тағы басқа да қоғамдық ұйымдарға басшылығы жеткіліксіз болды.
Алайда, осыған қарамастан, 1987 жылғы шілде айында алғаш рет Қазақстанда жергілікті кеңестерге халық депутаттарын сайлау округтер бойынша кӛп мандатты негізде іске асырылды. Республиканың 19 ауданында кӛп мандатты округтік сайлау барысында депутаттыққа кандидат болып 2270 адам ұсынылды. Оның 1701-і депутат болып сайланып, қалғандары резерв ретінде қалдырылды. 185 ауылдық және селолық кеңестерге 6291 депутат сайланды, ал 1928 адам резервке кіргізілді. Жаңа сайлау жүйесі бойынша Шығыс Қазақстан облысы еңбеккерлері арасында КСРО Ғылым Академиясы әлеуметтану инстиутының зерттеуі жүргізілді. Сайлаушылардың басым кӛпшілігі бұл жаңа тәртіпті мақұлдады. Ӛйткені кӛптеген еңбек ұжымдары депутаттыққа кандидат етіп ӛздерінің қалаулыларын ұсынуға қолдары жетті, ал кандидаттар бұқара халықпен кездесу барысында ӛздерінің бағдарламаларын анықтауға, онымен еңбекшілерді жан-жақты таныстыруға мүмкіндік алды.
1988 жылғы шілде-тамыз айларында ӛткен Бүкілодақтық XIX партия конференциясында Кеңес қоғамының саяси системасына реформа жүргізу қажеттігі атап кӛрсетілді. Онда ең басты мәселе — халық депутаттары Кеңестерінің толыққанды ӛкіметін барлық жерлерде қайтадан қалпына келтіру кӛзделді. Конферецияның шешімдеріне сәйкес қысқа уақыт ішінде ең жоғарғы мемлекет органдарын қайта құру жоспарланды. Ол 1988 жылғы 1 желтоқсанда қабылданған «КСРО Кониституциясына қосымша ӛзгерістер енгізу туралы» және «КСРО халық депутаттарын сайлау» жӛніндегі заңдарда ӛзінің шынайы кӛрінісін тапты.
Жергілікті кадрларды қуғынға салған Г.В.Колбин Орталық партия Комитеті бюро мүшелерінің пікірімен санаспады, олардың талаптарын қабылдамады, мәселелерді кӛп жағдайда ӛз еркімен шешті. 1989 жылы наурыз айында Г.В.Колбин Халықтық бақылау комитетінің тӛрағасы болып тағайындалып Мәскеуге кетті. Оның орнына сол жылғы шілдеде Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.
Жаңа тәртіпке сәйкес 1990 жылғы наурызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне сайлау ұйымшылдықпен ӛтті. Онда Қазақстан партия Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Н.Ә. Назарбаев Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің тӛрағасы болып сайланды. Осыдан кӛп кешікпей-ақ Орталықтағы сияқты біздің республикамызда да президенттік қызмет орны енгізілді. Сӛйтіп, 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Н.Ә.Назарбаевты республиканың тұңғыш президенті етіп сайлады. Мұның ӛзі елімізде және халықаралық аядағы оның беделін кӛтеруге үлкен әсерін тигізді. Н.Ә.Назарбаевтың президент болып сайлануы, республиканың ӛз ішіндегі саясиэкономикалық мәселелерді шешуде, жаңа идеялардың ӛрістеуіне ықпалын тигізді. Оның бастамасымен Қазақстанда елді басқару ісіне кӛптеген жаңалықтар, халық шаруашылығын басқарудың барлық сатыларында сапалы жаңа ӛзгерістер енгізілді. 2. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы: себебі және тарихи бағасы.
1980 жылдардың ІІ жартысында Кеңес Одағында ұлт мәселесі ерекше шиеленісті. Кӛп жыл жинақталып басылып келген ұлт мәселесі сыртқа шықты. Бұған Кеңес Одағында ӛрбіген қайта құру, жариялылық, демократияның ӛрістеуі әсер етті. Ұлттық сана сезімнің оянуына тағы бір себеп Кеңес Одағында ұлт мәселесінің шешілмеуі еді. Ұлттық мәселенің толық шешілгені туралы кӛп рет мәлимдеме жасалғанымен іс жүзінде олай болмады. Бұл республикалар мен орталықтың арасында билік бӛлісу, одақтас республикаларда ӛндірістік күштерді орналастыру, ұлт мәдениеті, ұлт тілі, ұлт дәстүрі және т.б. мәселелерде кӛрініс тапты. Ұлт мәселесінің шешілмегені ұлттық сананың ӛсуі Кеңес Одағында ұлтаралық шиеленіске әкеп соқты. Бұл Қарабахта, Ферғанада болған оқиғалардан кӛрініс тапты. Бұл мәселенің шешілмегенін 1986 жылғы желтоқсанда Алматыда болған оқиға дәлелдеп берді.
Қазақстанның жоғарғы органдарына орталықтан басшы кадрлар жіберу кеңінен орын алды. Оларды қызметке жібергенде жергілікті жердің пікірі, республиканың тарихи жағдайы, оның салтдәстүрі есепке алынбады. Мұндай жағдай 1986 жылғы 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Д.А.Қонаевты орнынан алған кезде айырықша кӛзге түсті. Пленум мәжілісі небары 18 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Қазақстан Компартиясының бiрінші хатшысы Д.А.Қонаев қызметінен алынып, оның орнына Мәскеу жіберген Г.В.Колбин сайланды.
Мұның ӛзі қайта құру мен демократиядан үлкен үміт күтіп отырған республика халқының, соның ішінде қазақ жастарының наразылығын туғызды. Пленум ӛткеннен кейін екінші күні Орталық партия Комитеті үйі алдындағы алаңға ӛздерінің Пленум шешімімен келіспейтіндігін білдіру үшін жұмысшы және студент жастар, оқушылар, т.б. жиналды. Олардың қолдарында ұстаған үрандарының арасында «Әр халықтың ӛз ұлттық кӛсемі болу керек» деген ұран бар еді. Мұндай кӛсемнің Қазақстанда тұратын орыс халқы ӛкілдерінен де мүмкін екендігі айтылды. Міне, осындай күрделі жағдайда Г.В.Колбин партия Орталық Комитетінің бюро мәжілісін шақыртып, оған С. М. Мұқашев, Н.Ә.Назарбаев, З.К.Камалиденов, О.С.Мирошхин, М.С.Меңдібаев, А.П.Рыбников, Л.Е.Даулетова, В.Н.Лобов, т.б. қатынасты. Бірақ олар алаңға шыққан жастардың жүрегіне жол таба алмады.
Алаңда болып жатқан жағдай, республика басшыларының, соның ішінде Г.В.Колбиннің ойында қазақ жастарының арасында елдегі социалистік құрылысқа қарсы астыртын әрекет, ұлтшыл ұйым бар деген пайымдау мен арам пиғылды туғызды. Бірақ ондай ұйымның бар-жоқтығы кейін қанша тексерсе де анықталмады. Алаңда жиналған халық пен милиция және әскерлер арасында қақтығысулар жүрді. Ереуілге қатысушылар таспен, таяқпен қаруланып жазалаушыларға қарсылық кӛрсетті. Олар жастарды мұздай суға тоғыту үшін алаңға әкелінген бірнеше ӛрт сӛндіргіш машиналарды ӛртеп жіберді. Қақтығысудың барысында Е.Сыпатаев және С.Савицкий деген азаматтар қаза тапты. Осыған байланысты үкімет органдары алаңға шығушыларға қарсы күш қолдана бастады. Алматыға басқа жерлерден арнайы әскери бӛлімдер әкелінді.
1987 жылғы шілдеде КОКП Орталық Комитеті «Қазақ республикалық партия ұйымдарының еңбекшілерге интернационалдық және патриоттық тәрбие беру жұмысы туралы» арнайы қаулы қабылдады. Онда 1986 жылғы желтоқсандағы оқиға Қазақстандағы үлтшылдықтың кӛрінісі деп бағаланды. Бірақ кейіннен бұл шешім қате деп табылды. Ӛйткені қазақ халқы ешуақытта ұлтшыл болып кӛрген емес еді. Мәселені әрі қарай тексеріп, болған фактілерді Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі жанынан арнайы құрылған Мұхтар Шаханов бастаған комиссия егжей-тегжейлі тексерді. Оның барысында, қазіргі кезеңнің талабымен қарағанда, алғаш рет демократия және жариялылық жағдайындағы халықтың еркіндік үшін кӛтерген талабы мен ескі партиялық ойлау арасындағы қақтығыстың болғандығы ашып кӛрсетілді.
Қазақ жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы шеруінің түрі ұлттық болғанымен ұлтшылдық емес еді. Ол басқа халықтарға, соның ішінде орыс халқына қарсы бағытталмаған болатын. Шеру саяси сипаттағы бейбіт демонстрация еді, мемелекеттік құрылысты құлатуға шақырған жоқты. Бірақ республиканың және орталықтың партиялық-бюрократиялық құрылымы тарапынан ол экстремистік пиғылдағы ұлтшыл жастар тобының бүлігі деп бағаланды. Жүйе оны «Қазақ ұлтшылдығы» деп айыптауға дейін барды.
Осыған байланысты 1987 жылғы 14 наурызда ӛткен Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Пленумының шешіміне сәйкес партия ұйымдарында тазалау басталды. Атап айтқанда, ӛздерінің жіберген қателіктерін ашық мойындау, номенклатуралық жетекші қызметкерлерге мінездеме беруді жаңарту, бастауыш партия ұйымдарында жеке коммунистердің, ал жетекші қызметкерлердің ӛз қызмет орындарында, тұратын жерлерде есептері тыңдалды. Есеп беру барысында, тек 1987 жылы облыстық партия комитеттерінде істейтін жауапты қызметкерлердің 28 пайызы, ал қалалық және аудандық партия комитеттерінің әрбір үшінші қызметкері жұмыстан босатылды. Олардың әрбір оныншысы қызметте жіберілген кемшіліктері үшін деген мінездемемен орын алынды. Мұндай тазарту жүмыстары сондай-ақ кеңес, кәсіподақ, комсомол органдарында да кеңінен жүргізілді.
Желтоқсан оқиғасы бойынша тергеу барысында 99 адам сотталды, 264 адам жоғары оқу орындарынан, 758 адам комсомолдан шығарылды. 1164 БЛКЖО мүшесіне, 210 партия мүшесіне әртүрлі жаза берілді, 52 адам КОКП қатарынан шығарылды. Ішкі істер министрлігінен 1200 адам, Денсаулық сақтау және Кӛлік министрліктерінен 309 адам жұмыстан босатылды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды
Желтоқсандағы қазақ жастарының әрекеті бүкіл Кеңес Одағына қозғау салды. Желтоқсан оқиғасының қазақ халқына әкелген тікелей нәтижесі Қазақстанның егемендігі болды.
1989 жылы қыркүйекте Қазақ ССР-інде тіл туралы заң қабылданып, республикада қазақ тілін және басқа да ұлт тілдерін дамытудың 2000-жылға дейінгі кезеңге арналған Бағдарламасы бекітілді. Оның негізгі мақсаты ұлттық тілдерді қорғап дамыту. Заң бойынша мемлекеттік тіл болып қазақ тілі, ал орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі болып белгiлендi. Бірақ бұл заңның орындалуында кӛптеген кемшілік орын алды. Ӛйткені iс жүргізуде, еңбек ұжымдарында әзірге қазақ тілінен гӛрі орыс тілі басым едi. Бұл мәселеде жергілікті Кеңестерге елеулі міндеттер жүктелді. Алайда, оны іске асыруда едәуір қиыншылықтар мен қайшылықтар кездесті. Бірқатар жерлерде іс жүргізу, ұлтаралық қатынас қазақ тілінде жүргізілу қажет делінсе, Орал, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан сияқты облыстарда онан бас тартуға дейін барды.
Қоғамды жаңартып, қайтадан құруда ұлттық, демократиялық қозғалыстар күшейіп, олар бұқарлық демократиялық қозғалысқа айналды. Бұрынғыдай ӛз ұлтына қалай болса солай қарайтын адамдардың қатары азайып, олар ӛз үлтының экономикалық және рухани мәдениетінің дамуына жанашырлық кӛрсете бастады. Мәселен, 1989 жылы Алматы қаласындағы үш ӛнеркәсіп орындарында жүргізілген социологиялық зерттеудің нәтижесінде 18 бен 25 жас арасындағы қазақ жастарының 71 пайызы ӛздерінің ұлтын мақтан тұтатындығын айтқан.