ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен зардаптары

 

 

Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Қазақстан еңбекшілері бейбіт құрылысқа қайта оралды. Экономиканы бейбітшілік жағдайға бейімдеп қайта құру еңбекшілердің қоғамдықсаяси белсенділігі жағдайында жүргізілді. 1946 жылы 18 наурызда қабылданған тӛртінші бесжылдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, ӛнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын ӛрге бастауға үлкен мән берілді.

Республикада ауыр индустрияны жедел дамыту, сондай-ақ, жеңіл және тоқыма ӛнеркәсібін одан әрі ӛркендету кӛзделді. Тұрғын үй құрылысын және қалалар мен жұмысшылардың тұрақты аудандарында мәдени-тұрмыстық орындар жүйесін кеңейтуге ерекше кӛңіл бӛлінді. Ӛнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын ӛркендету негізінде республика еңбекшілерінің материалдық және мәдени тұрмыс дәрежесін одан әрі кӛтеру кӛзделді. Қазақстанға бӛлінген күрделі қаржы кӛлемі одақ бойынша үшiншi орынға шықты. Мұнда күрделі қаржы кәсіпорындарды қалпына келтіруден гӛрі бұрынғыларын кеңейтіп, жаңа кәсіпорындар салуға бағытталды. Тӛртінші бесжылдықта бүкіл елде ӛнеркәсіп ӛнімі 1940 жылмен салыстырғанда 40 пайызға ӛсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есеге арту кӛзделді. Бесжылдық қорытындысында Қазақстан ӛнеркәсібінің жалпы ӛнімі 1940 жылмен салыстырғанда 2,3 есе, оның ішінде кӛмір шығару 2,5, мұнай-1,5, газ-1,9, электр қуатын ӛндіру 4,1 есе артты.

Соғыстан кейінгі кезеңде ауыл шаруашылығы артелінің жарғысын бұзушыларға қарсы күрес күшейді. 1946-1947 жылдары колхоздарға қарыздар болып келген мекемелер мен ұйымдардан 214 млн. сом ақша, 540 мың гектар жер қайтарылды. Осы жылдарда ұсақ колхоздарды iрiлендiру шаралары iске асырылып, республикада соғысқа дейiнгi 6400 колхоздан 1950 жылғы қаңтарда 3670 колхоз қалды, олардың жалпы саны 2 есеге жуық қысқарды.

Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Тӛртінші бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан шаруашылықтарында 50 683 трактор, 16 мыңнан астам комбайн, ондаған мың автомашина, шӛп шабатын және басқа машиналар істеді. Бұлардың басым кӛпшілігі ескі, моральдық жағынан да тозып, ескірген техника болатын. Ауыл-селода механизаторлар қатары ӛсіп, МТС қызметкерлерінің жыл сайынғы орташа саны 10 мың адамға кӛбейді.

1948 жылы республикада ауылдар мен селоларды жаппай электрлендіру жорығы басталды. Сӛйтіп, тӛртінші бесжылдық тұсында 752 колхоз, 317 МТС, 164 совхоз және 193 селолық аудан орталықтары электрленді. Селолық электр станцияларының қуаты 1945 жылмен салыстырғанда 2,8 есе ӛсті.

1946 жылы қуаңшылық болып, астық шықпай, халық азық-түлік тапшылығының зардабын шекті. Колхоз, совхоз, МТС-тардағы техника ескірген, еңбек ӛнімділігі тӛмен еді. Ауыл шаруашылығының әртүрлі жарғысын бұзушылық етек алды. Колхоздардың меншігі талан-таражға түсті. Колхозшыларға еңбек күнге ӛнім бӛлінбеді. Олардың еңбекке ынталылығы тӛмен болды. Осыған байланысты әкімшіл-әміршіл жүйе қатал саясат жүргізіп, село тұрғындарын мәжбүрлікте ұстады. Олардың саяси құқықтары аяқ асты етіліп, туған жерлерінен кетуіне тыйым салынды. Еңбек ақы тӛлеуде теңгермешілік орын алды. Колхоздарда, совхоздарда ӛндірілген астықтың тұқымдық қордан басқасы мемлекетке дайындық қорына алынды. Колхозшылардың, совхоз жұмысшыларының жеке шаруашылықтарынан ет, сүт, жүн дайындау жүргізілді. Ауыл-селодағы мұндай ауыр жағдайды ӛзгерту мәселесіне 50-жылдардың орта шеніне дейін кӛңіл бӛлінген жоқ. Сайып келгенде, ӛнеркәсіпті қалпына келтіру, оны жаңа деңгейге кӛтеру ауыл-селоны қанау есебінен іске асты.

 

  1. «Хрущев жылымығы» жылдарындағы Қазақстан (1953-1964жж.)

 

1953 жылғы 5 наурызда Коммунистік партия мен Кеңес Одағының басында 30 жылдан астам отырған И.В.Сталин қайтыс болды. Сталин ӛлгеннен кейін елде демократиялық қайта құру үдерісі қарқынды жүре бастады. Демократиялық ӛзгерістердің ықпалымен Кеңес ӛкіметі шамадан тыс орталықтандыруды босаңсытуға және одақтас республикалардың шаруашылық, саяси-мәдени құрылыс саласындағы құқықтарын кеңейтуге бағытталған кейбір шараларды жүзеге асыруға мәжбүр болды. Бұл кезде Қазақстанның бюджет құқықтары кеңейтіліп, оның кӛлемі едәуір ӛсті.

1953 жылы қыркүйекте Н.С.Хрущев КОКП Орталық комитетінің бірінші хатшылығына (19531964 жж.) сайланды. «Жылымық жылдары» аталған 50-жылдардың екінші жартысынан бастап елде игі істер атқарылды. 1953 жылғы шілдеде КОКП ОК-нің пленумында бұрынғы КСРО-ның Ішкі істер халық комиссариатының халық комиссары, КСРО Министрлер Кеңесі тӛрағасының бірінші орынбасары, қуғын-сұргінді ұйымдастырушы, саяси авантюрист Л.Берия (1899-1953 жж.) ісі қаралып, барлық лауазымды қызметтерінен босатылып, атылды. 

Одақтас республикалар құқықтарының кеңеюіне байланысты Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің заң шығару қызметінің белсенділігі артты, оның республикадағы шаруашылық және әлеуметтікмәдени құрылысқа іс жүзінде басшылық етудегі рӛлі әжептәуір ӛсті. Сессияда қаралатын мәселелердің шеңбері кеңейді.

Одақтас республикалардың құқықтарын кеңейту, кеңестердің шаруашылық-ұйымдастыру рӛлі мен жауапкершілігін арттыру олардың елдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалды жақсартуға қосатын үлесін біраз ӛсiрдi. Бұл кезде халық шаруашылығының басты саласы ӛнеркәсіпті дамытуға ерекше назар аударылды. Соның нәтижесінде бесінші бесжылдық (1951-1955 жж.) ішінде 200-ге жуық жаңа кәсіпорын салынып, пайдалануға берілді. Сомасы 3218 млн. сом болатын негізгі қорлар іске қосылды, мұның ӛзі бұдан бұрынғы бесжылдықтағыдан 2,5 есе кӛп еді. Бұл жылдары республикада Ӛскемен қорғасын зауыты мен оттегі станциясы, Зыряновск қорғасын комбинатының байыту фабрикасы, Балқаш шаңсорғыш фабрикасы пайдалануға берілді. Зыряновск қорғасын комбинатында қорғасын-мырыш концентратын, ал Балқаш мыс қорыту зауытында тазартылған мыс ӛндіру жолға қойылды. Жезқазғанда 5 қуатты шахта және байыту фабрикасы іске қосылды. Шымкент қорғасын зауыты ӛндіріс процесі тоқтатылмастан түбегейлі түрде қайта құрылды. Республика түсті металлургиясының бесжылдық ішіндегі жалпы ӛнімі 2,1 есе ӛсті. Еліміздегі ең ірі ӛнеркәсіп объектілердің бірі — Қарағанды металлургия зауытының (Қазақстан магниткасы) құрылысы басталды. Ферросплав ӛндіру артып, олардың әрбір түрін шығару ұлғайды.

Ал алтыншы бесжылдық кезінде республикада ірі пайдалы кен орындарының игерілуіне байланысты бесжылдық жоспарды ауыр ӛнеркәсіптің, әсіресе, электр қуаты мен отынды кӛп қажет ететін салалары үшін кәсіпорындар жүйесін жасау, қара және түсті металлургияның жаңа кәсіпорындарын, электр станцияларын салу, ӛнеркәсіптің басқа салаларын одан әрі ӛркендету міндеті қойылды. Бұл міндеттерді іске асыру барысында республиканың кӛптеген ӛндіріс орталықтарында ірі индустриялық кәсіпорындар салынды. Павлодарда алюминий, ферросплав және комбайн зауыттарын, прокат жабдықтары машина жасау зауытын, Жамбылда химия зауытын, Семей мен Шымкентте жаңа цемент зауыттарын салу қолға алынды. Қарағанды металлургия зауытында 2 домна пеші мен табақ қаңылтыр станын әзірлеу және пайдалану жоспарланды. Міне, осындай игі істердің арқасында 1960 ж. Қазақстанда 1950 ж. 17,3 млн. тоннаның орнына 32,3 млн. тонна кӛмір, 2,6 млрд. квт/сағат орнына 10,6 млрд. квт/сағат электр қуаты ӛндірілді. Дегенмен осы кезде электр қуатының желілері мен оны бӛлу жүйелерінің құрылысы күрт артта қалды, мұның ӛзі республиканы электрлендірудің тиімділігін едәуір тӛмендетті.

50-ші жылдардың екінші жартысында Қазақстанда бүкіл еліміздегі сияқты ӛнеркәсіпте ғылыми-техникалық прогреске бетбұрыс кезең болды. Ӛндіріс жүйесін электрлендіру, кешенді механикаландыру және автоматтандыру, мол ӛнімді ең жаңа станоктарды, машиналар мен аппараттарды енгізу, ӛндіріс технологиясын үнемі жетілдіріп отыру, отын қуатын бейбіт мақсаттарға қолдану негізінде ӛнеркәсіптің барлық салаларында техниканы жетілдіру қарқынын арттыруға айырықша кӛңіл бӛлінді. Еңбекші бұқараны, әсіресе жұмысшыларды шаруашылық құрылысын басқару ісіне кеңінен тартуға, ӛндіріске жаңа техника мен озық технологияны енгізуге бағытталған маңызды шараларды жүзеге асыру басталды.

Шымкент пресс-автоматтар зауыты әртүрлі 20-дан астам машина, соның ішінде шыңдағыш машиналар, қуатты жаныштағыш престер шығыруды игерді. Алматы ауыр машина жасау зауытының сым созу станы, Ӛскемен конденсатор зауытының вольтті конденсаторларының жаңа сериялары елімізден шалғай жерлерде де белгілі болды. Шахталарға, кӛмір комбинаттарына кӛмір және топырақ тиейтін машиналар, электровоздар келіп түсті, кен қазатын комбайндардың саны кӛбейді, ленталық конвейерлер енгізілді. Қарағанды кӛмір алқабы кӛмір ӛндіруде еңбекті кӛп қажет ететін жұмыстарды механикаландыру жӛнінде елімізде алдыңғы орындардың біріне шықты. Кӛмір табу, оны қопару, күреу, шығару, жол вагондарына тиеу тәрізді жұмыстар түрінің бәрі механикаландырылды. Бірқатар шахталарда механизмдерді шалғайдан автоматты түрде басқару тәсілі қолданылды.

Хрущев Қазақстанды сынақ алаңы ретінде пайдаланып, кӛптеген тың тәжірбиелерді оның ішінде келешегі жоққа тән тәжірбиелерді республикада сынақтан ӛткізіп байқап кӛрді. Гидропоникалық әдіспен ӛсімдік ӛсіру, жүгері егу, т.б. осы сияқты тәжірибелер Қазақстан шарушылықтарында байқаудан ӛтті. Оның айтуымен республиканың оңтүстіктегі аудандары кӛршілес республикаларға берілді, ӛлкелер құрылды. Кӛптеген қалалардың аттары ӛзгертілді. Сӛйтіп, Ақмола — Целиноград атанды. Оңтүстік Қазақстан облысы — Шымкент облысы, ал Батыс Қазақстан облысы — Орал облысы болып ӛзгертілді. Оған Қазақстанда қарсы келетін адам болған жоқ. Қазақ зиялыларының жағымпаз, жарамсақтарын шешуші буындарға орналастырып, олар арқылы қазақ халқын мәңгүрттендіріп орыстың патшаларының отарландыру саясатын санасыздықпен (саналы түрде деуге болмайды, ӛйткені ол кӛп мәселеде интернационалдық, ұлттық теңдікті, достықты жақтады) жандандырылған ол қазақтардан бірыңғай коммунистік ұлт шығаруды армандады. Хрущевтің жолсыздықтары мен жӛнсіз қылықтарын ашып айтпаса да, халық оған наразы болды. Сӛйтіп, елдің экономикасын жаңа сатыға кӛтеру, халық шаруашылығын басқару, ӛндірісті жоспарлау мен ынталандыру жүйесін түбегейлі жақсарту қажеттігі пісіп-жетіліп келе жатты, экономикалық мәселелерді шешуге субъективизмді, волюнтаризмді жою қажеттігі барған сайын айқындала түсті.

1962 жылы басқа жерлердегі сияқты Қазақстанда да облыстық партия комитеттері ӛнеркәсіптік және ауыл шаруашылық болып, екіге бӛлінді. Облыстық партия комитеттерінің ізінше кеңес, комсомол және кәсіподақ ұйымдары бӛліне бастады. Жариялылықтың, сынның болмауы, КОКП Бағдарламасы және хрущевтік реформа жайында айтылған сын-ескертпелер үшін коммунистерді, жеке азаматтарды қудалау елдің еңсесін түсірді. Еліміз әміршіл-әкімшіл жүйе жағдайында, оның партия, мемлекет басшысының толық билігімен ӛмір сүріп жатты. Хрущевтің айтуымен, республика басшылығының аударыс-тӛңкерісі жиіледі. Кӛп жыл Қазақстан партия ұйымының басшысы болып келген Ж.Шаяхметов орнынан алынып, оның орнына келгендер қолғапша ауыстырылды. Шаяхметовтың орнына келген П.К.Пономаренко /ХІ.1954-Ж VII. 1955 ж/, оны ауыстырған Л.И.Брежнев /VII. 1955 ж-ІІІ.1956 ж/, одан кейін И.Д.Яковлев /III. 1956 ж-ХІІ.1957 ж/, ол түсірілгеннен кейін келген Н.И.Беляев /XII. 1957 ж-ХІІ.1960 ж/, оны ауыстырған Д.А.Қонаев /XII. 1960 ж-XII. 1962 ж/, одан кейін Хрущевтің ұнатуымен болған И.Ю.Юсупов /XII. 1962 ж-XII. 1964 ж/ республикада партия басшылығының қалыпты жұмыс істеуіне ықпал жасай алмады. Ӛйткені, олар бұл жұмысқа келмей жатып кетуге әзірленіп отырды. Юсуповтан кейін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болған Д.А.Қонаев 1986 жылдың аяғына дейін істеп, республиканың экономикасы мен мәдениетін ӛркендетуге елеулі үлес қосты, оның тұсында Қазақстанның Одақ бойынша алдыңғы қатарға кӛтерілуі іске асты. Әрине, оның тұсында да жершілдік, орыстар айтатын «кумовство», жең ұшынан жалғасу, кадрларды тамыр-таныстықпен орналастыру, партия ұйымдарындағы ӛркӛкіректік, ӛрескелдіктер бой кӛрсетпей қалған жоқ.

 

  1. Тың және тыңайған жерлерді игеру.

 

1954 жылы КОКП Орталық Комитеті ақпан-наурыз Пленумында елімізде азық-түлік мәселесін шешу үшін шығыс аудандарда тың және тыңайған жерлерді игеру мәселесі қойылды. Оны игеруге Қазақстан кеңінен қатыстырылды. Мұнда қысқа мерізімде тың жерлерді игеру есебінен егіс кӛлемі 35 млн. гектарға дейін жеткізіліп, солтүстік аудандарда жүздеген жаңа поселкелер, совхоз орталықтары салынды. Тың ӛңіріне жүздеген мың қоныстанушылар келіп, оларды қарсы алу, орналастыруға байланысты республика партия және кеңес органдарының күрделі де ауыр міндеттерді шешуіне тура келді.

Қазақстанға Ресей мен Украина, Белоруссиядан және басқа да одақтас республикалардан тыңды жаппай игерудің бірінші кезеңінде (1954-1956 жж.) 640 мың адам келді, бұлардың ішінде 391,5 мың ауыл шаруашылық механизаторлары, 50 мың құрылысшы, 3 мың денсаулық сақтау қызметкерлері, 1,5 мыңдай мұғалім, 1 мыңнан астам сауда қызметкерлері және басқалар бар еді. Бұлардан басқа республикалардан механизация училищелерін бітіріп келген 66,7 мың адам және Қазақстанның училищелерінен келген 19,8 мың адамға республика совхоздарында жұмыс істеуге жолдама берілді. Республиканың жаңа совхоздарына жоғары және орта білімі бар 2088 адам директор, бас агроном, бухгалтер, инженер-техник, құрылысшы сияқты жұмыстарға жіберілді.

50-ші жылдардың аяғына қарай Қазақстанның ауыл шаруашылығының материалдықтехникалық базасы едәуір нығайды. Совхоздар мен колхоздар 169 мың трактор, 98 мың комбайн, 73 мың жүк машинасын және басқа да кӛптеген ауыл шаруашылық техникасын алды.

1954-1960 жылдары республикада тың игеру есебінен астық ӛндірудің жалпы кӛлемі 106 млн.

тоннаға жетті, осы жылдар ішінде астықтың жылдық орташа ӛнімі — 1949-1953 жылдардың кӛрсеткішімен салыстырғанда шамамен 3,8 еседей артты. Қазақстан бұл жылдардың ішінде мемлекетке 63,4 млн. тонна астық тапсырды.

Тың игеру Қазақстанды тауарлы астық ӛндіруде Одақ бойынша алдыңғы қатарға шығарды. Соның нәтижесінде республика әрбір тұрғынға шаққанда екі мың кило астық ӛндіретін дәрежеге жетті (Азық-түлік мәселесін түбегейлі шешу үшін әр адамға шаққанда бір мың кило астық ӛндіру жеткілікті деп есептеледі). Тың игеру барысында Қазақстанда кӛптеген жаңа қалалар бой кӛтерді. Ӛнеркәсіп орындары кӛптеп салынды. Жаңа темір жол, тас жол желілері тартылды. Тың игеру республиканың экономикалық күш-қуатын бұрын-соңды болып кӛрмеген дәрежеге ілгерілетті.

Тың игерудің экономикалық және әлеуметтік салалардың дамуына тигізген салдары да болды. Сонымен бірге оның экологиялық, демографиялық зардаптары да аз болған жоқ.

Тың игеру шұғыл, асығыс жүргізілді. Егістікке жарамсыз жерлер жыртылды, мал жайылымы азайып, мал шаруашылығына зиян әкелді. Осының салдарынан игерілген жерлердің біразы қуаңшылыққа айналды, кӛптеген ӛзен, кӛлдер жойылып кетті. 50-жылдардың ақырында Қазақстанда 9 млн. гектар жер эрозияға ұшарады.

Тың игеру Қазақстанның ұлттық-этникалық бейнесінің ӛзгеруіне әсер етті. Тың игеру кезінде Қазақстаннан тыс жерде ӛмір сүріп отырған қазақтарды келтіру мүмкіндігі туды, қазақ зиялылары сондай пікір де кӛтерді, бірақ бұл пікір ескерілмеді. Қазақстанға тың игеруге кӛптеген басқа ұлттың  адамдары келді. Олардың ішінде басшы қызметкерлер, мамандар келді. Олар жергілікті кадрларды ығыстырды.  Жергілікті жерлердегі қазақ мектептер жабылды, мектептер жаппай орыс тілінде оқытты. Қазақ тіліндегі газеттер жабылды. Мұндай кӛріністер интернационализм мен ұлттар достығының белгісі деп бағаланды. 

Тың және тыңайған жерлерді игерудің сонымен бірге үлкен азаптары мен кӛлеңкелі жақтары да болды. Атап айтқанда, басқа республикалардан келгендердің саны шамадан тыс кӛбейіп кетті. Жергілікті жерлерде ұлттық мектептер жабылып, қазақ балалары ірілендірген мектепинтернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым кӛпшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Мұның ӛзі, бір жағынан, қазақ жастарының ӛз ұлтының тілінен, салт-дәстүрі мен мәдениетінен қол үзіп мәңгірттенуіне жол ашса, екінші жағынан жергілікті халықты орыстандыру саясаты қолпашталып, ашық жүргізіле бастады. Жер-су аттары орыс тіліне кӛшірілді. Мұндай орыстану процесінен халықты республиканың тәуелсіздігі ғана құтқарды. Бірақ бұл үдеріс соның ӛзінде де қазақ халқының, оның зиялыларының елеулі бӛлігін ӛз ұлтының тілін білмейтін шала қазақ күйінде қалдырды. Осындай саясаттың салдарынан қазақ халқы ӛз республикасында азшылыққа айналды. 1959 жылғы сынақта республика халқындағы қазақтардың үлес салмағы (табиғи ӛсуі жоғары болса да) 8% кеміп, жалпы халықтың 29 пайызына түсіп қалды. Солтүстік облыстардағы қазақтардың үлес салмағы республикалық орташадан кӛп тӛмен болды. Жер, су, қала, қыстақ аттары орысшаланды.

Тың эпопеясы экологиялық мәселеде ӛзінің теріс жағын кӛрсетті. Бұрын болып кӛрмеген кӛлемде жерді жыртып тастау салдарынан 1957-1958 жж. Павлодар облысының жеңіл топырақты жерлерінде шаң бораны тұра бастады, ал 60-жылдардың басында жер қыртысын ұшырып кету тек жеңіл топырақты аймақты ғана емес, ауыр топырақты жерлерді де қамтыды.1960 жылға дейін Солтүстік Қазақстанда 9 млн. гектардан астам жер жел эрозиясына ұшырады, бұл сол кездегі Франция сияқты елдің бүкіл ауыл шаруашылық жер кӛлеміне тең еді. Рас, мұнан кейін егіншіліктің топырақ қорғау жүйесі жерді қайырмасыз түренмен жырту тәсілі жасалды. Алайда, эколог мамандар атап кӛрсеткендей, қазіргі заманғы шаралардың барлық түрі де, қоршаған ортаны қажетті экологиялық қорғауды қамтамасыз ете алмады. Ол тек экологиялық зардаптарды жеңілдетеді. Бұл қазіргі экологиялық мәселеде, әрине жеткіліксіз.

Тың игеру мал шаруашылығына үлкен зиян келтірді. Мал жайылымы, шабындық жерлер азайып малдың саны кеміді, әсіресе, түйе, жылқы орны толмайтын шығынға ұшырады. Тың игеру барысында ауыл-село тұрғындарының қосалқы шаруашылығына, үй іргесінде кӛкӛніс егуге тыйым салынып, елде азық-түлік мәселесін шиеленістірді.

Тың игеру қарабайыр /экстенсивті/ әдіспен жүргізілді. Мұның ӛзі әр гектарға шаққанда ӛнімді аз алуға соқтырды. Бұл жерлерде ӛндірілген астықтың бағасы ӛте қымбатқа түсті. Оны жинауға бүкіл елдің комбайншылары, әскери бӛлімдер, қала тұрғындары, оқу орындарының студенттері қатыстырылды.

 

 

  1. Мәдениет және білім беру салаларының даму проблемалары

Халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарында республика жазушылары шығармаларының басым кӛпшілігі Ұлы Отан соғысы тақырыбына арналды. Ғ. Мүсіреповтың «Қазақ солдаты», Ә. Нүрпейісовтың «Курляндиясы»сияқты соғыс тақырыбына жазылған еңбектерде қазақстандық жауынгерлердің жоғарғы адамгершілік қасиеті, жеңіс жолындағы күресте кӛрсеткен ерлігі баяндалды. Еңбек тақырыбына жазылған С. Мүқановтың «Сырдария», Ғ. Мұстафиннің «Миллионер», Р. Слановтың «Кең ӛріс» сияқты туындыларында колхозшы шаруалардың ӛмірі кӛрсетілді.

Осы жылдарда М. Әуезовтің «Абай жолы», С. Мұқановтың «Шоқан Уәлиханов» сияқты кӛптеген тарихи шығармалар жарық кӛрді. «Абай» қойылымы үшін Қазақ Академиялық драма театрының ұжымы КСРО мемлекеттік сыйлығын алды.

Музыка мәдениеті ӛрлеу жолына шықты. М. Тӛлебаевтің «Біржан-Сара», А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай», Е. Брусиловскийдің «Дудар-ай», Қ. Қожамияровтың ұйғыр тіліндегі «Назугум»опералары сол жылдарда дүниеге келді. «Біржан-Сара» операсына КСРО мемелекеттік сыйлығы берілді.

1946 жылы республикада Ғылым академиясы құрылып, оның президенттігіне кӛрнекті ғалым, академик Қ. И. Сәтбаев сайланды. Осы жылдарда Ақтӛбе, Гурьев, Қарағанды, Қостанай, Петропавл, Шымкент екi жылдық мұғалімдер институттары жоғары бiлiм беретiн педагогикалық институттар болып қайта құрылды.

Жалпыға бірдей жетіжылдық білім беру туралы Заң одан әрі жүзеге асырылды. 1952 жылдың аяғында Қазақстанда жалпыға білім беретін 9 мыңдай мектеп, 125 техникум мен арнаулы оқу орны жұмыс істеді, бұларда 1,5 млн. адам оқыды. Алайда, мектептердiң материалдық жағдайы онша болған жоқ. Олардың кӛпшiлігiнiң ғимараты болмады. Сондықтан оларға ғимарат салу, мектептердің ескірген, тозған үйлерін жӛндеуге халықтың, село мен қала еңбекшілерінің тарапынан үлкен кӛмек кӛрсетілді. Сонымен бірге олар клуб, кітапханаларға да жәрдемдесті. Кітап қорларын толықтыру үшін кітап, радиоқабылдағыш, т.б. мәдени құралдарды жинап берді.

Алайда, бұл кезде Казақстанның мәдениеті, әдебиеті, ғылымның одан әрі дамуына ХХ ғ. 50-ші жылдардың басында ӛзінің шырқауына жеткен тоталитарлық социализм идеологиясы кері әсерін тигізді. Әсіресе БК/б/П Орталық Комитетінің «Звезда» және «Ленинград» журналдары туралы /1946 ж. 14 тамыз/ қаулысы басқаша ойлайтын адамдарды қудалаудың жаңа науқанын ашып берді. Қазақстан партия комитеттері де ӛз жұмысын осы қаулының ағымына құрды. Республика

Компартиясы Орталық Комитетінің 1947 ж. наурызда ӛткен пленумы тӛменгi партия ұйымдарынан Қазақстан тарихын жазудағы, әдебиет пен ӛнердегі саяси қателер мен ұлтшылдық бұрмалауға қарсы большевиктік сынды кеңінен ӛрістетіп, БК/б/П Орталық Комитетінің идеологиялық мәселелер жӛніндегі қаулыларын сӛзсіз орындауды талап етті.

Бұл кезде Орталықта «Ленинградтық іс», «Дәрігерлердің ісі» қолдан жасалып жатқан кезде Қазақстанда «Бекмахановтың ісі» ұйымдастырылды. Ол іс бойынша Е. Бекмахановтың 1947 жылы шыққан «XIX ғасырдың 20-40 жж. Қазақстан» деген монографиясында буржуазияшыл-ұлтшыл концепциялар дамытылған және оның саяси-идеалық зияны бар деп табылды. 1950 ж. «Правда» газеті «Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін» деген мақаласында оның кітабын айыптады. Осыдан кейін тарих ғылымдарының докторы Е. Бекмаханов Ғылым академисынан шығарылды, ал 1952 ж. 4 желтоқсанда Қазақ ССР Жоғары сотының алқасы оны 25 жылға соттады. Тек Сталин ӛлгеннен кейін ғана Е.Бекмахановты айыптау жӛніндегі іс қайта қаралып, қылмыс құрамы жоқ болғандықтан жабылып, 1954 жылы түрмеден босап шықты.

1940 жылдардың аяғы-1950 жылдардың басында «Бекмахановтың ісі» жалғыз болмады. Республиканың кӛрнекті қоғамтану ғалымдары А. Жұбанов, Х. Жұмалиев, Б. Сүлейменов, Е. Смаилов және т. б. нақақтан тағылған саяси айыптармен жазаланды. Ә. Әбішев, Қ. Аманжолов, Қ. Бекқожин, С. Бегалин және басқа белгілі ғалымдар мен жазушылар саяси және буржуазиялықұлтшылдық қателіктер жіберді деп дәлелсіз айыпталды. Сӛйтіп, соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстанда пісіп-жетіліп келе жатқан қоғамдағы жаңа ӛзгерістер әміршіл-әкімшіл жұйенің қудалауымен тұншықтырылып тасталды.

  1. Иллюстрациялы материалдар: слайдтар, карта.
  2. Әдебиеттер: Негізгі:
  3. Жұмақаева Б. Д. Қазақстан тарихы : оқу құралы. 2011. — 320 бет.
  4. Қазақстан тарихы: лекциялар курсы / ред. басқ. Қ. С. Қаражан, 2011. — 376
  5. Мусин Ч. Қазақстан тарихы: Кӛне дәуірден 2008 жылдың басына дейін:

оқулық . 2008. — 640 бет.

  1. Мұхамедов М. Б. Қазақстан тарихы : оқу құралы . 2007. — 341 б.
  2. Қазақстан тарихы : кӛне заманнан бүгінге дейін. 5 томдық. Т. 3, 2002. – 708
  3. Абдурахманов Н.А. Қазақстан тарихы: оқу құралы.- Шымкент, 2013 Қосымша:
  4. Қозыбаев М. Қазақстан тарихы: оқулық . 2004. — 240 бет
  5. Кан Г. В. Қазақстан тарихы оқулық Алматы : Алматы кітап баспасы, 2012.
  6. Қуандық , Е. С. Қазақстан тарихы (ХХ және ХХI ғасырдың алғашқы жылдарындағы республика тарихының ӛзекті мәселелері бойынша лекциялар): оқулық. — Алматы : ЖШС РПБК «Дәуір», 2012. —

512 бет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *