1991 жылы сәуір-мамыр айларында Новоогоревте (КСРО президенттің резиденциясы) М.С. Горбачев 9 одақтас республикалардың басшыларымен келісім жүргізді. Бұл келісімде жаңа одақтық шарт туралы мәселе кӛтерілді. Келесімге қатысушылардың барлығы жаңарған Одақ жӛніндегі шартты қолдады. Шартта Егеменді (Суверенді) Мемлекеттердің Одағын құру кӛзделді. Сонымен қатар, ӛкімет органдарын және басқару құрылымын, жана Конституцияны қабылдау, сайлау жүйесін ӛзгерту белгіленді. Шартқа қол қою мерзімі 20 тамыз 1991 жыл белгіленді.
Жаңа одақтық шарттың жобасын жариялау және талқылау қоғамда жікке бӛлінушілікті тереңдетті М.С. Горбачевті жақтаушылар бұл құжатта қарама-қарсылықтың деңгейін тӛмендету және елде азамат соғысының болуы қауіпінен құтқару мүмкіндігін кӛрді. Бір топ ғалымдар бұл шартқа қарсы шықты.
Жаңа шартқа қарсыластар КСРО-да қалыптасқан халық шаруашылығының кешенін ыдыратып елде экономиқалық дағдарысты тереңдетеді, деп сескенді. Жаңа шартқа қол қоюға бірнеше күн қалғанда, оппозициялық күш реформалық саясатқа қарсы шығып, мемлекеттің (КСРО) ыдырауын тоқтатуға әрекет жасады.
1991 жылы 19 тамызда КСРО үкіметінің жоғары билігіндегі аз ғана топ КСРО Президенті
М.С. Горбачевтің денсаулығына байлынысты қызыметінен босатып, оның орнына вице – президент
Г.И. Янаевтың тағайындалғаны туралы мәлімдеме жасады.
Мемлекетті басқару үшін 8 адамнан тұратын КСРО-дағы тӛтенше жағдай жӛніндегі Мемлекеттік комитет (ТЖМК) құрылды. ТЖМК-ның басында КСРО вице-президенті Г.И. Янаев, премьер-министр В.С. Павлов, КСРО қорғаныс министрі Д.Т. Язов және оның орынбасары О.Д.Бакланов, КСРО МХҚ-тің тӛрағасы В.А.Крючков, ішкі істері министрі Б.К. Пуго сияқты жоғарғы биліктегілер тұрды. ТЖМК-ның мақсаты КСРО-дағы ауыр экономиқалық және саяси жағдайды пайдаланып, билікті қолдарына алу. КСРО Жоғарғы Қеңесінің тӛрағасы А.Лукьяновтың қолы қойылған ТЖМК қолдау кӛрсетуге шақырған «Кеңес халқына үндеу» жарияланды.
КСРО Президентінің міндетін атқарушы Г. Янаев еліміздегі тетенше жағдайдың 6-ай мерзімге созылатынын және БҰҰ-на және мемлекеттермен үкімет басшыларына түсінікпен қарау туралы мәлімдеме жасады.ТЖМК-ның бірінші қаулысы бойынша барлық қоғамдық-саяси қозғалыстардың қызметіне тыйым салынды. Бұл әрекет — мемлекеттік тӛнкіріс. Қырымда дем алып жатқан КСРО Президенті М.С. Горбачев бұл оқиғадан бейхабар болды. ТЖМК-ның әрекетіне әлем жұртшылығының кӛзқарасы әртурлі болды.
Қырғызстан, Украина ӛз территорияларында жаңа үкіметтің жарлықтары жүрмейтіндігін мәлімдеді. Әскерлердің бір бӛлігі халық жағына шықты. АҚШ Президенті Д.Буш КСРО-ғы Конституциялық басқаруды қалпына келтіру бағытындағы РКФСР Президенті Б.Н.Ельциннің әрекеттерін қолдады. Европа экономиқалық Кеңесінің ӛкілдері М.С. Горбачевтің қайтып оралуын талап етті, талап орындалмаған жағдайда КСРО-ға берілетін кӛмекті тоқтататындығын мәлімдеді.
Ирак және Қытай үкіметтері ТЖМК-ның құрылуын жақтады. Москвадағы тамыз тӛңкерісіне Қазақстан халқының кӛзқарасы әр түрлі болды. «Желтоқсан», «Азат» қозғалыстары сияқты кӛпшілік қоғамдық саяси ұйымдар ТЖМК-ны айыптады.
1991 жылы 20 тамызда Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқының алдында жасаған жаңа мәлімдемесінде ТЖМК-ны жақтамайтынын, бұл әрекеттің конституцияға сәйкес келмейтінін айтты. ТЖМК халықтан қолдау таппады.
1991 жылы 21 тамызда М.С.Горбачев Москваға келіп, билікті қолына алды. ТЖМК-ны құрғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Сонымен тамыз тӛңкерісі күйреді. 1991 жылы тамыздың 20-сында жасалуға тиісті одақтық келісімшарт жасалмады. Новоогорев келісімі сәтсіздікке ұшырады. Тамыз тӛңкерісі КСРО-ның күйреуін тездетті. Осыдан кейін Қазақ КСР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақ КСР-інің Қауіпсіздік Кеңесін құру жӛнінде», «Семей ядролық сынақ ӛткізу полигонын жабу туралы», «Қазақ КСР сыртқы экономикалық дербестігін қамтамасыз ету туралы» т.б. жарлықтар шығарды.
Мемлекеттік тӛнкерістің сәтсіз аяқталуы Кеңес Одағы Коммунистік партиясының беделін түсірді. 1991 жылы 23 тамызда Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев КОКП ОК-ң саяси Бюро мүшелігі қатарынан шықты.
1991 жылы 7 қыркүйекте Алматы қаласында болған партия съезінде Қазақстан Коммунистік партиясын тарату туралы шешім шықты. Осылай Қазақстан Коммунистік партиясы ӛмір сүруін тоқтатып, оның орнына Қазақстан Социалистік партиясы құрылды.
Елдегі болып жатқан саяси процестер жастар ұйымына да әсер етіп, комсомол ұйымының беделі құлдырай бастады. 1991 жылы қазан айында болған Қазақстан комсомолының XVIII съезі шешімімен Қазақстан комсомолы тарады. Енді оның орнына Қазақстан Жастар Одағы құрылды. Комсомолдан кейін Қазақстан пионер ұйымы да тарады. Республика Кәсіподағы кӛптеген ұсақ ұйымдарға бӛлінді.
- Әдебиеттер:
Негізгі:
- Абдурахманов Н.А.Қазақстан тарихы:оқу құралы.-Шымкент, 2014
2.Қуандық , Е. С. Қазақстан тарихы (ХХ және ХХI ғасырдың алғашқы жылдарындағы республика тарихының ӛзекті мәселелері бойынша лекциялар): оқулық. — Алматы : ЖШС РПБК «Дәуір», 2012. — 512 бет,
- Жұмақаева Б. Д. Қазақстан тарихы : оқу құралы. 2011. — 320 бет.
- Тлеужанова, М. К. Қазақстан тарихы. 2 т. : оқу-әдістемелік кешені /. — Алматы : Эверо, 2016. — 312 бет. с.
- Тлеужанова, М. К. Қазақстан тарихы. 3 т.: оқу-әдістемелік кешені / — Алматы : Эверо, 2016. — 320 бет. с.90экз
Қосымша:
- Дарашова, З. Б. Қазақстан тарихы оқу-әдістемелік құрал. — Шымкент : «Ернияз» жарнама ӛндірістік фирмасы, 2014.
- Қазақстан тарихы: лекциялар курсы / ред. басқ. Қ. С. Қаражан, 2011. — 376 бет.