Қос қанат құсқа біткен маған бітсе

Қос қанат құсқа біткен маған бітсе,
Бармас па ем, қалқатайға әлденеше
Жел соқты Әупілдектің қамыстарын,
Айтады әркім көрген қасірет зарын.
Түседі қайғылыға қара тұман,
Кім білер сол тұманның ашыларын?
Еріксіз Әупілдекті мекен еттім,
Жасым жас жиырмаға жаңа жеттім!
Айырған қос ғашықты еңіретіп,
Ісіне шара бар ма, құдіреттің!…
Қосылып айтты екеуі,
Тағы, тағы…
Қос ғашық ән тиегін ағытады.
Сәкен де қарап тұрмай,
Хабибаға,
Әзілмен арасында қағытады.
– Жан байғұс махаббатын тапты мәңгі,
Қайта бас көтерместей қатты уанды…
Өлеңнің сұр мергені өзім едім,
Ақыры іздеп таптым аққу әнді.
Самал жел,
Сахарада.
Сағым дала.
Ашқандай
асыл ару бағын жаңа.
Тылсым сыр жүрегінен бастау алып,
Тіл қатпай тұра алмады – Хабиба да:
– Еркесі ер жігіттің елде болар,
Қызыл гүл,
Қызыққанға белде болар.

СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *