Көктем де жақсы-ау

Көктем де жақсы-ау,
Ал, бірақ,
Бөлек қой жөні қыстың да.
Даланың көріп дидарын,
Күшейген көңіл құзыры…
Қыста да тіпті Қиманың
Таусылып болмас қызығы.
Сәт сапар тілеп жолыңа
Тұрғанда ел-жұрт, мекені.
Домбыра ұстап қолыңа,
Ән салғың келіп кетеді.
Қалдырып бәрін қапталда,
Төбесін, тауын, жотасын,
Ақ «Волга» мініп
Ақ қарда –
Ағызып бара жатасың…
Тартасың ылғи ілгері,
Тағы бір жерге жетем деп.
«Осынау қайран күндерің
Қайтадан келер ме екен» деп.
Әуелден көңіл дос, ғашық,
Сүйген ғой жүрек даласын.
Қимай да қимай қоштасып,
Қимадан кетіп барасың.
Риза бол,
Есіл осыған.
Ризамын мен де өткенге.
…Ағыл да тегіл тасыған
Көрсем ғой сені көктемде!
 
 
 

СЕРІК ТҰРҒЫНБЕКҰЛЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *