Шал әңгімесі

 
Сәл шытынып қабағын,
Аз кідіріп аялдап.
Өмірінің тарауын
Кетті бізге баяндап:
– Ертеде алтын кенінде,
Жұпыны еді өндіріс…
Түспейтұғын жеңілге
Қайла, күрек – қол жұмыс.
Құмды тартып диірменге,
Қол балғамен тас үгіп.
Ұйықтамадық түндерде,
Болды бәрі бос үміт.
Тұра берді былқ етпей,
Алып тастар түксиген.
Тас жонына бір өтпей,
Қажытты ғой көк сүймен.
Бір күні тас үгіннен,
Жылтырады бір бүршік.
Алтын ғой деп жүгірдім
Тұра алмай тыпыршып.
Қожайынға алтынды,
Алып бардым: «Сыйым» деп.
Ашуланып ақырды:
– Қара мұның қуын, – деп.
Алдадың деп, антұрған
Сойып салды дүрелеп.
Айырылдым мен алтыннан
Есіркесін кім елеп?
– Қабырғамды сыдыртып,
Құрысын деп мал тапқан.
Үй-ішімді шұбыртып,
Кеттім безіп жатақтан.
Осы отырған әкеңнің,
Өтті осылай жас күні.
Қазір менің үлкенім,
Рудниктің бастығы.
 
Сырбай Мәуленов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *