Шабытты шақ

«Жын» қуа ма.
Білмеймін жыр буа ма,
Атып тұрып төсектен шын қуана,
Күбірлей ме,
Күле ме,
Күрсіне ме, –
Болады да кетеді бір дуана.
Енді елемей үстінен ел көше ме,
Қарамайды қара жер көлдесе де.
Падишадай жер үстін жеке билер,
Сыймай бара жатады кең көшеге.
Қабақ шытып,
Қайтадан түнере ме,
Түсті ме еске бәрі де жүре келе,
Бір өлеңмен қайтадан жаратылып,
Бір өлеңмен өзі де тірі өле ме?
Кіжіне ме, біресе күйіне ме,
Қатулана береді жиі неге?
Арпалыс бар жүзінде, – қарсы ағыстар
Шыр көбелек отырып үйіре ме?
Кенет келген күлкімен,
Қайғы алмасып.
Елестей ме сертінен тайған ғашық?
Отыр ма әлде жамандық атаулымен.
Жалғыз өзі тағы да майдандасып?
 
Сәкен Иманасов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *