Айналайын, шырағым,
Маңдайға біткен қыраным.
Көлге біткен құрағым,
Қара жер болды тұрағың.
Маңдайға біткен жұлдызым,
Иіскемей кеткен жалбызым,
Ойнамай кетті-ау балдызың.
Арманда кеттің, жалғызым,
Ажалға өзіңді алдырдым.
Мені тірідей көрге салдырдың,
Азаптың уына қандырдың,
Оң жақта мені қалдырдың.
Жүрегімді талдырдың,
Татырмай дәмін балдырдың.
Қабан (Қабылиса) Асанұлы