АРҒЫМАҚ ЖАБЫ КӨРІНЕР

Арғымақ жабы көрінер,
Аса шауып бұланса.
Айдын көл батпақ көрінер,
Астына тартып су алса.
Біраз ғана сөйлейін
Мойын бұрып жақсылар
Бұл сөзімді тыңласа.
Бәйтерек сояу көрінер,
Жапырағы түсіп қуарса.
Арғымақ сайлап не керек,
Артынан жабы жеткен соң.
Ағайын-туған не керек,
Аңлысып күні өткен соң.
Қызыл тілім, сөйлеп қал,
Қызығыңды жер көрер,
Бір төбенің басына
Апарып тастап кеткен соң.
Мәңкүр-мүңкір жетеді,
Уақтылы күнің біткен соң.
Бүл дүниеден кетесің,
Тірлікте сыйлас ағайын.
 
 
 

Қабан (Қабылиса) Асанұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *