Ақынсынып не керек,
Болса да ойы бек зерек.
Болмаса сөздің ұйқасы,
Ұқпаса ақыл не керек,
Болмаса ойда еш дерек.
Болса да бас пен құйқасы.
Әркімде бір сипат болады,
Ол да бір күн оңады.
Жылтырағанымен жанары
Айтқан сөзді ұқпаса,
Бір сөзді боп шықпаса,
Білінед бір қиқасы.
Не ақылға түспесе,
Шашылар бір күн жұрқасы.
Ақылың болса адамзат,
Тістей көрме арам зат,
Өзіңді өзің қымташы.
Мейірімді болыңдар,
Ақылға айтқан көніңдер.
Болмағын таудың сымтасы.
Бірдеме өнер адамның,
Адал жүрген пенденің,
Әрнеге болар ынтасы.
Бірдеңе өнбес адамның,
Түк білмейтін наданның,
Ештеңеге келмес мұршасы.
Құл болмайсың үйіңе
Қызмет қыл жүгіре.
Үй шаруасы мен аулыңа,
Көмектес те, су тасы.
Қабан (Қабылиса) Асанұлы