Көкірегің толып асау екпінге

Көкірегің толып асау екпінге,
Жеттің бе сен!
Көкек айы, жеттің бе?!
Абыр-сабыр болып кетті төңірек –
Толып кетті сағынышты үн,
Отты үнге.
Армансыз-ақ алысқандай бұл қыспен,
Алқам-салқам алып таулар күлді үстем.
Күркіреп те кете берді өзендер,
Көптен бері байқалмаған бір күшпен!
Барын біліп жетпеген де, жеткен де,
Бар нұрымен көкте мейір төкті елге,
Соған қарап тұрып-тұрып,
Өзім де
Айналдым да жүре бердім көктемге…
 
Сәкен Иманасов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *