Кездеспей кетпес деген бір дерекпен
Өзіңді аңсаумен-ақ күндер өткен,
Қылт етсе қыр астынан құйын үміт
Жарыса жүйіткіп ағып бірге кеткен.
Тебіреніп,
Толқып тасып теңіз кеудем,
Жүрегім дір-дір етті-ау:
«Со қыз!»… – деумен.
Жаным-ай, не деп кеттім?!
Өкініш пе,
Өткені жарты өмірім сені іздеумен?!..
Жарығым, кешір мені!
Тек мынаны ұқ:
Қаһарын қатал тағдыр төкті де анық,
Айырылып жастық шақтан,
От жүректі
Өзіңе таза күйі жеттім алып!..
Сәкен Иманасов