Алакөл

Алакөл,
Ана-көлім!
Ертегіден Жаралған
Жүрегімнің желкені ме ең?
Жеттім-ау тұнығыңды аңсап тағы,
Жарысқан Тентегімен –тентек ұлы ем.
Армысың!
Ата мекен-ақ самайым,
Қолаң шаш қарағайлар, патша – қайың,
Қалайша тебіренбейін, тербелмейін,
«О, Сәкен келіпті!» – деп
Жатса ағайын.
Апыр-ау, айта берем тегі несін!
Өзіңнен бастаған ба жер үлесін?!
Әйтеуір дауылда да, жауында да
Сол сұлу салтанатпен көрінесің.
Тұрса сәл жанға қаяу, жанарға шық,
Күш алам,
Құшағымды барам да ашып,
…Басқа елді, бөгде жерді сүйе алар ма ем,
Болмасам осыншалық саған ғашық.
 
Сәкен Иманасов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *