Дархан далам суыңды сүйіп ішкен,
Жүрегімнің жырындай сүйініштен.
Жағаңдағы бір шыбық құлап түссе,
Өртенгендей өн бойым күйініштен.
Тербетіліп кейде сен үн шығармай,
Жабырқайсың жабығып түн шығардай.
Ағайындар жер суды аяласаң,
Асыл өзен жай тауып күн шығардай.
Сылдыраған сырнайлы ән күйіңмен,
Біз есейдік сиқырлы әлдиіңмен.
Сен десе бұла сезім алып ұшып,
Шаттанамын әмәнде жай-күйіңнен.
Ескендір ЖҮНІСұлы,
Ташкент қаласы