Көктем туралы

Жайқалған өңірдегі мың шынардай,
Сыбдырлап сырын айтып тұншығардай.
Желпінтіп көңіл күйді хош иісті.
Қырларға қызыл-жасыл гүл шығардай.
Жазып сан жасыл кілем жиылмаған,
Өрнек сап сан-алуан қиынбаған.
Жүргенім ару көктем жастығымдай,
Сонау бір көзден ұшып құйындаған.
Толқытып толық шыққан көктем едің,
Сипалап самайыңнан өпкен желің.
Жайнаған, жасарғандай о дүние,
Мұншама көрікті өң, көкпек лебің.
 
Ескендір Жүнісұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *