Мен сені көп ойлаппын өзгеден,
Әйел едім тура жолдан безбеген.
Таңда тұрып тек Тәңірден сұрадым,
Бақыт шыңын сенің үшін көздеген.
Көздерімді қуантумен келесің,
Өз жайыңды, өз бағаңды білесің.
Қорқам білсең, артық жақсы көруге,
Алла берсін артық етіп үлесің.
Жүрегімді өзің ғана ұғасың,
Көздеріме қарайсың да тұрасың.
Өзі ұқпас өз көңілін кей шақта,
Анашыңды түсінуге туғансың.
Жаным қызым, қуатымсың, Фаризам,
Тіл үйірген науатымсың, Фаризам.
Табысыңа туғандарың сүйсінсін,
Сен анаңның бақытысың, Фаризам!
Лала Жүнісқызы