Балалықтың бал әні

Құлпырып гүлдей жайнаймын,
Сандуғаш құстай сайраймын.
Достармен бірге ойнаймын,
Балалықтың бал әні таусылмасын!
Көк те күн нұрын төгеді,
Түн де ай шуақ себеді.
Жүзімнен жел кеп сүйеді,
Балалықтың бал әні таусылмасын!
Егемен болған елімде,
Астана қала төрінде.
Шаттығым асқан көңілден,
Балалықтың бал әні таусылмасын!
Арманым асқақ таулардан,
Ниетім артық нулардан.
Сақтасын өзі жаулардан,
Балалықтың бал әні таусылмасын!
Лала Жүнісқызы
Өзге дінді Қаламайды Жүрегім
Шыға келдің кездейсоқта жолымнан,
Амандасып ұстап қалдың қолымнан.
Күліп қойдың, ұқсаттым деп танысқа,
Көріктілік шалқып тұрды бойыңнан.
Сыр кеткенмен, сымбаттылық кетпеген,
Жандар бар-ау, шау тартуға жетпеген.
Асқанымен пайғамбарлық жасынан,
Тіп-тік, өңді екен кәрілікке өтпеген.
Әңгімені бастап кеттік жақындай,
Сөз сөйледі әпкеміз кеп жарқылдай.
Өзге дінді үгіттеп тұр байқасам,
Айтқандары жатыр ойын айқындай.
Кешір, әпке, қосылмаймын ойыңа,
Иманым бар тұнып тұрған бойымда.
Өткенімде жарты ғасыр жасынан,
Дін өзгерту жоқ-ты менің ойымда.
Өзге дінді қаламайды жүрегім,
Ислам діні қорғаным мен тірегім.
Әке-шешем, ата-бабам дінімен,
Ол дүниеге аттанбақ тек тілегім.
Уағыздама, керек емес өзге дін,
Жүрегімнің таба алмайсың кілтін.
Шүкір, деймін бекем менің сенімім,
Жүрегімнен орын алған өз дінім.
Бабаларым жүрген жолмен жүремін,
Бұл тағдырдың барлығына сенемін.
Иншалла, ұрпақтарым келетін,
Кемел өссін осы жолмен жүретін.
Өз атыммен бастап жүрген өлеңім,
Бергеніне «тәубе» деумен келемін.
Мұсылман боп келгеннен соң өмірге,
Мұхаммедтің үмбеті боп өтемін.
Өзге дінді қаламайды жүрегім!
 
Лала Жүнісқызы
 
 
 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *