Тәуелсіздік

Ұлы күн
Өзгерді заман,
Өзгерді адам бүгінде,
Өзгеше боп тұр,
Желкеге түскен жүгің де.
Не деген ауыр
Жылдарың артта қалды ғой,
Еңбектенсең сен,
Оңалар жағдай, түңілме.
Болашағымыз —
Нарықтық заман, ол да анық.
Қайнады өмір
Жаңадан мүлде жол салып.
Қайтадан туып,
Жасара түскен еліңді,
Бауырлар, енді
Таңданбай өзің ал танып!
Өзгерді елің,
Өзгермей сен де тұрмағын,
Көрмейсің мүлде
Тоқырау заман жұрнағын.
Бауырлар, әне,
Қарашы алға, көрдің бе?
Заманға нұрлы,
Бақытын өмір бұрғанын?
Үзілмес болып
Таңдардан арай үмітің,
Көздерің талып,
Қарап ең солай күні-түн.
Өкінбе, сірә,
Жетсең де кештеу мәреге,
Қарсыңда тұр ғой,
Құшағын ашып Ұлы Күн!
 
Наурызбай Жарбосынұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *