Жаңа таң

 
Жасайтындай көп өтпей айға шығып,
Аптығып ек,
Жеттік біз қайда асығып?
Коммунизм аңсаған құлады одақ.
Ұрандаған о бастан «айласынып».
Жаңа Таңның мақсаты одан да ұлық,
Дамып өсу – құқылы қоғам құрып.
Нұр шашқанша жаңа таң елімізге,
Жүрмеген бе Ресей бодан қылып?
Егемен ел болдық та отау тіктік,
Тоңған көңіл барады содан жылып.
Жаңа Таңда жадырап, күлімдедің,
Қамын жеп жүр бағзылар бүгін ненің?!
Өздігімен жеңістер қолға түспес,
Ауырласа ауырлар жүгің сенің.
Ертең анық –
Асықтар түседі алшы,
Сондықтан да ағайын, түңілмегін
 
Наурызбай Жарбосынұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *