Сенен асқан

Мен үшін қыз жоқ еді сенен асқан,
Ұнатып ем бір сені әуел бастан.
Жұлдызым ең, сәулетай, аспандағы,
Жарқырап таң алдында сәуле шашқан.
Асылым, әлі күнге сен есімде,
Шуақ қой сенің маған елесің де.
Кетсең де басқа ауылға мүлде жат боп,
Мен жүрмін сол махаббат кемесінде.
Жанымның сен дегенде жазын көрем,
Жүзіңнің тым ерекше назын көрем.
Бейнеңді күлімдеген қыр гүліндей,
Толқып бір тербетейін жазып өлең.
 
Ескендір ЖҮНІСұлы,
Ташкент қаласы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *