Қызғалдақ гүлден аумайсың

Жастықтың сол бір жазындай,
Ақ айдын аққу қазындай.
Аяулым болған жансәуле,
Аңсадым сенің назыңды-ай.
Көңілді шіркін аулайсың,
Қызғалдақ гүлден аумайсың.
Жалындай бейнең жүректе,
Жаным-ау, мұнша лаулайсың.
Жайнаған жаздың күніндей,
Жүргейсің дәйім күлімдей.
Көңілдің жасыл бағында,
Жайқала берші гүлімдей.
 
Ескендір Жүнісұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *