Қария ойға батты көптен дейді,
Білмеймін жазда ма, әлде көктем дейді.
Кешегі ата-бабам елін қорғап,
Қиқу сап осы арадан өткен дейді.
Қызынып аңыз етіп өткендерді,
Жауларын жексен етіп төккен терді.
Күрсініп ауық-ауық еске алғандай,
Оралмай қайта айналып кеткендерді.
Жан еді жанған оттың алауындай,
Әуелден ел-жұртына қалаулыдай.
Желбіреп қасиетті жалаулар-ай,
Тұрғандай әлі күнге Жалаулыда-ай.
Ескендір ЖҮНІСұлы,
Ташкент қаласы