Жаңару

Көп керемет күтіп ең,
Бала кезден, жасыңнан.
Кезең еді, түсінем,
Не өтпеді басыңнан?!
Қара бұлттай түнерген,
Күндерің де көп болған.
О, ағайын, білер ме ең,
Небір мақсат жоқ болған?!
Жаның жайнап, көктем боп,
Гүлдей көңіл ашылды.
Кімге халқым, өкпең жоқ,
Тұнжырауың басылды.
Туылғандай қайтадан,
Ой-пікірлер жаңарды.
Бойға сіңген лайқадан,
Көкірегің ағарды.
 
Наурызбай Жарбосынұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *