Еріп жатыр қар енді

Тауға да шығып,
Бұлттарға арғы жеткім кеп,
Кезінде талай,
Арманға үміт жектім көп.
Жетпеген сонда,
Бұлттарға бүгін жетем деп,
Асаудай жас бір,
Барамын желіп, екпіндеп.
Сағымдай арман,
Тұрса да сонда бұлдырап,
Өрлейміз деп ек,
Төменге түстік құлдырап.
Әйтсе де бүгін,
Бәйгеге неге түспейін?
Ол күндерімнен,
Бүгінгі күнім нұрлырақ.
Ұйтқыған боран,
Қаптаған-тұғын бар елді,
Мұз болып қатқан,
Еріп те жатыр қар енді.
Қашан да бірақ,
Еңбекпен адам гүл ексе,
Бүлкілдеп бөксе,
Араға құсап бал емді,
О, Тәңір, сенен,
Тілеймін бүгін бір тілек,
Аулақ қыл елден,
Соғыс деген бәлеңді!
 
Наурызбай Жарбосынұлы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *