Баян сапар

Iнiм Б. Әлiмжановқа

«Жұлдыздың»кенжетайы,сүйкімдісі,

Мың күнге азық болған бір күнгі ісі,

Жан-жағын дауылдатқан,дабыл қаққан

Келгенде қыранға ұқсап сілкінгісі.

Шабыттың шынперзенті, қол баласы,

 Ежелгі жүйріктердің олжаласы,

Қызметке туған жерге шектің сапар,

Қолдасын жолдың пірі, жол данасы.

 Көзіңде жарқыраған болашағың,

Алдыңда болар шағың, толар шағың,

Қалықта аспан жердің арасында

Тұрмыста саз кешпесін толарсағың!

Рахмет «Жұлдызға»еткен еңбегіңе,

 Жұлдыздай шыға бер сен ел көгіне,

Оранып мауқыңды бас,бала қыран,

Көк майса Көкшетаудың жөргегіне!

Даланың данышпаны,ол да ағасы,

Қазақтың ортасында мол бағасы,

Көкшеге қанат болып алып ұшсын

«Жұлдыздың»жырмен жазған жолдамасы!

Әрине, сендей жанды көз қия ма

Ұқсаған бойы биік боз қияға,

Махаббат,шапағатты қатар жинап,

Қайтарсың аман-есен өз ұяңа!

–Ойбай-ау, Ғафеке-ау, мынадай өлең арнасаңыз, біз де ауылға көшіп кетер едік! –деп жіберіпті бір қаламдастар әзіл-шыны аралас. Сонда Баянғалиды қолтықтап кетіпбара жатқан Ғафекең:

–Айналып кетейін,Баяшка, сен менің балам сияқтысың ғой, мен сеніБақытымнан кем көрмеймін ғой! Өлең деген жүректен туады,әйтпесе, әнебіреулер көшіп жатса, мұндай өлең қайда-а!–деген екен!Кейiн Ғафекең бұл өлеңін «Шұбалаң»атты кiтабына енгiзiпті.

Б. Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *