Баян сапар

1987 жылы анасы Бәтима қатты ауырып, Баянғали амалсыз Алматыдан ауылға көшетiн болыпты. Анасына қарау керек,ертең бiр жағдай болып кетсе, жалғыз қалған әкенiң халi не болмақ? Ал-матыданаттанарда барлық ақын, жазушы ағалары, жолдастары жылы сөздерiн айтып, қимай-қимай шығарып салыпты. Өзi қызмет iстейтiн «Жұлдыз»журналының  коллективi  жақсы  тiлектерiнбiлдiрiп, естелiксыйлапты. Жолдастарының атынан Серiк Тұрғынбеков өлең жазыпты.

 Жүректiң табар дауасын,

Табиғат деген ең шебер,

Туған жер жұпар ауасын

Жұтып бiр қайтқың келсе егер.

Жол болсын деймiз,Баянжан,

Жырларың жатсын жосылып,

Даусыңнан сенiң оянған

Қазақ пен қырғыз қосылып.

Қызметке адам қонақ қой,

 Көңілiң көлдей, мәрт жаның,

Қырғызға кетпей, жөн-ақ қой,

Көкшеге қарай тартқаның!

Емессiң көңiл қалдырған,

Жерiңдей туған дархансың,

Сексен көл сенiң алдыңнан

Сексен қыз болып қарсы алсын.

Көкшенiңбиiк құздары,

Сол құздай бiз де қайсармыз,

Сағынған кезде бiз дағы,

Көкшеге барып қайтармыз.

Тiлектес iнi, жақсы аға,

Жемiсiн жырдың терерсiң,

Сағынтқан кезде астана,

Өзіңде жетiп келерсiң!

Ақын ағасы Ғафу Қайырбеков «Жұлдыздың»атынан, бүкiл ақын-жазушылардың, Алматының  атынан  арнаған  өлеңiн  оқып берiптi:

 

Б. Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *