Бауырлар

2007 жылы Көкшетауда, Бурабайда қазақ-қырғыз Парламенттері бас қосады. Қазақстан Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған он үш депутат пен Қырғызстан Жоғарғы Кеңесінің төраға-сы Марат Сұлтанов бастаған он үш қырғыз депутатының кездесуіне сол кездегі Ақмола облысының әкімі Мәжит Есенбаев Баянғалиды арнайы шақырып, сөз сөйлеп беруін өтінеді. Сонда ақын:

Қырғызды бала күннен білетінбіз,

Бірге ойнап,Көкшетауда,күлетінбіз,

Мемлекет екендігін білмейтінбіз,

Қазақтың руы ғой деп жүретінбіз!

Қырғыздар Омбы барды, Үркіт асты,

Неліктен Ыстықкөлден үркіп қашты?

Сібірдің сақылдаған аязында,

Сауда ғып, сықырлатып күртік басты,

Жырларын ер Манастың ұғар ма екен,

Вагонда өскен балдар үрпек басты,

Жағдайын жақсартпай ма сол халықтың

Тоқтатып басшыларың тақталасты,

Жоқ әлде Енисейден іздеп жүр ме,

Қырғыздың атын жазған түркі тасты?!

Ежелден қырғыз аты тасқа түскен,

Оқыдық Орхондағы ескерткіштен,

Одан да он ғасырдай бұрынырақ

Арғын, Керей, Үйсіндер хатқа түскен!

Тастардан қырғыз атын таптырдыңыз,

Шаттанып, көкке қалпақ лақтырдыңыз,

Қазақтың аты жоқ деп ол тастарда,

Келеді ағамын деп мат қылғыңыз,

Қырғыздың атын қашап тасқа жазған,

Біз қазақ сол тастардың авторымыз!

Айналайын қырғызым,

Өзіме тартқан түрің бар,

Ерке бала сияқтыТәп-тәтті болған тілің бар,

Теңдесі жоқ әлемдеТелегей теңіз жырың бар,

Байтақ жатқан қазаққаАғаңдай көріп еркеле,

 Ініңдей көріп еркеле,

Он сегіз мың ғаламда

Еркелігіңді көтерер

Қазақтан басқа кімің бар!?

Бұдан соң Баянғали Манасты айтқанда, жиналғандар риза болып,қырғыз елшісі жылап жіберіпті. Қырғыз депутаттарықалта-сына бір уыс ақша салыпты. Сонда ақын:

–Құдай берейін десе,Алатауға бармай-ақ, қырғыздар Көкше-тауға өздері-ақ әкеліп береді екен ғой! Какхорошо быть акыном, берешь открыто, с почетом! А акимы берут скрытно!–деген екен.

Ақынның өнеріне риза болған қос Парламент тік түрегеп қол соғып, алғыс айтыпты.

Б. Әлімжанов

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *