Қаракісі

 Қаракісі
Қасым жаужүрек батыр жігіт болған дейді, жоңғарлармен соғыста ол қалмақтарды қыра өлтіріп, көзге түскен екен, сол бір жылғы соғыста қалмақтар жеңіліске ұшырапты. Сол соғысқа қатысқандар: «Қалмақтарды бір ірі қара кісі қыра өлтірді, қалмақтарға бөрідей тиді, алдына жан келтірмеді, келгендерін бір ұрып құлата берді, қайрат-күшіне де болайын, денесіне де болайын, нағыз күш иесі батыр екен»,—деп мадақтапты. Сұрастыра келіп іздестірсе, ол Қасым екен дейді. ол сол күннен бастап «Қаракісі» атанып кетіпті дейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *