Төртқара руы
(І нұсқа)
Ақманақ өлгенсін, оның әйелі Зылиқаны Тегенболат алады. одан Пұсарман, Шыңғыр—екі бала туады. Ағасы Сарбас, үшеуі бірдей киінеді. үшеуі де қара сақалды, әдемі көрікті бірдей тең өскен жігіттер болады. Сол ізбен барып үш Қарасақал атанады. Сонда Ақманақ бен Тегенболат екі баласы «үш Қарасақал» атанып кетеді. Енді бір айта кететін жайт—Майлыбайдан екі бала туады. олардың шын аты Сырлыбай, Тойлыбай болады. Екеуі де ожарлау, тентек болады. Алтыншы бала енші алысқанда Сырлыбай еншіге риза болмай, «мен кетемін, бұл жерде тұрмаймын» деп, төбелес, шатақ шығарады. Содан Тойлыбай адамға қарағанда ожырайып қарайды екен, сол үшін бұл екеуінің аттары «Кете, ожырай» болып атанып кетеді. Содан кейін ең кенже баласы ұланақ енші алысқанда, үлкен атасы Қаракесектің шаңырағын басады. Сонымен Қаракесек болып қала береді…
Әлімнің 6 баласының біреуі—Қарамашақ, одан туған 4 бала төртеуі де, бірдей тең болып өседі және өте бап боладымыс. Тойда, аста, жиында төртеуі бірге тізе қосып жүреді, содан халық: «Әй, мына бір төрт қараның жүрген жері айқай-шу, төбелес шығарса, жүрген жерін оңдырмайды, осы бір төрт қара жігіттен сақтану керек»,—деп сөз бола бастапты да, содан барып, аяғында, Қарамашақтың төрт баласы кейінде «Төртқара» делініп атанып кетеді.