Қарамашақ руының «Төртқара» болып атануы
(ІІ нұсқа)
Құба қалмақтың қазаққа құтырына тиіп, шабуылдап жүрген кезі еді. Сол қалмаққа қарсы шабуылға шығуға, бүкіл Әлім ұрпағы жиналып кеңес өткізетін болады. Сол жиынға қарамашақтар уақытысында келе алмайды. Жиынға келген адамдар біреуді жіберіп қаратады. Барып қарап келген жігіт: «Алыста төрт қара көрінеді. олар адам ба, әлде мал ма? оны айы ра алмадым»—дейді. Сол көрінген төрт қара-қарамашақ тар болып шығады. Содан бастап «Төртқара» деп аталып кетеді.