Бердіңғұл

Бердіңғұл
осы апамыздың күйеуі бір жаугершілікте шейіт болып кетіпті, апамыз екіқабат жесір қалып, төркініне қайтып келіп отырғанда босанып, ұл туыпты дейді. Сол ұлға атамыз Бердіңғұл: «Бұл бала елге игілікті жақсылық әкелсін!»—деген тілекпен игілік деп ат қойыпты да: «Бес баламның бірі Дәуленің ізінен ұрпақ тарайтын болды»,—деп қуанып, той жасапты. Сонымен игілік «Бес Бердіңғұлдың» бірі есебінде саналады. Тағы да бір жаугершілікте Саңырық пен Шораны қалмақтар тұтқындап алып кетіпті, ал Мырта үлкен тайқазанды төңкеріп тастап, астына жасырынып қалып қойыпты дейді. Кейін ер жетіп, жігіт болған соң Саңырық пен Шора қалмақтардан қашып шығып, сауда керуеніне еріп жастай кеткендіктен, өзінің туған елінің қайда екенін білмегендіктен, ұзақ жүріп иранға өтіп кетіпті. Сол елде жүріп үйленіп, ұрпақтап, мал жинап байыған екен дейді. Кейінірек Бердіңғұлдың Сырлыбайынан шыққан Байсалбай болыс туыстарын іздеп иранға барып, оның ұрпақтарымен кездесіп, көрісіп, олармен жолығысып қайтқан еді. Байсалбай бір жылдан кейін Бердіңғұлдың елдегі басқа балаларының ұрпақтарын да иранға көшіріп апарып, қоныстануға әрекет жасаған еді, бірақ бұлар елден көшпей қойыпты, ал Байсалбай бастаған жұмысын аяқтай алмай қайтыс болып кеткен еді дейді. Сонымен кейін Мырта, Балталы, Жаманша, Қожас, игілік ұрпақтары «Бес Бердіңғұл» руы атанып, елге осылай тарап кетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *