Асан батыр

Асан батыр
Асан батырдың жұбайы Мақпал шешеміз текті, тәрбиелі, ақылды, парасатты адам болған екен дейді. Қазіргі «Қамыстыбас» темір жолы бекетінің қасыңдағы «Ақирек» алқабының бір бөлік көлі сол шешеміздің атымен «Мақпал көл» атаныпты. Асан батыр Жалаңтөс батырмен тұстас ғұмыр кешкен, Жоңғар қалмақтарымен соғысқа қатысқан. Жақайым атамыз асқан бай болған екен. Бір жылы қалмақтар барымталап Жақайымның жылқыларын қуып, айдап алып кетіпті. олардың ізінен Асан батыр бастаған топ қуып жетіп, қалмақтарды көп шығынға ұшыратып, жылқыларын қайырып алады, бірақ Асанның өзі жиырма үш жасында сол соғыста шейіт болыпты. Алла аузына салып, алдын болжағандай, ол соғысқа аттанар алдында: «Жұбайым Мақпал екіқабат еді, егер осы соғыстан келмей қалсам, түс көрдім, атым өшпесін, Мақпал ұл туса, атын Асан қойыңдар!»—депті.
Мақпал шешеміз ұл туып атын қайтадан Асан деп қойып ты. Кейін бір баласымен жесір қалған Мақпалды немере қайны сы Көгістің баласы Көлімбетке некелеп қосыпты. Мақпал әжеміз Көлімбеттен Айтымбет, Дандай, Баселек, Бозтай деген төрт ұлды болыпты. Асан мен Көлімбет ұрпақтары шешелес, Мақпал әжемізден туып, тараған еді дейді.
Әкеден жетім Асан да ер жетіп, батыр жігіт болып өсіпті, үш әйел алып, онан «Тоғыз арыс Асан» тайпасының ұрпақта ры тараған. ұрпақтарының ұраны—«Сартай».
Кіші Асан атамыз асқан батыр болған, қалмақтармен со ғысқа қатысқан, Сол бір жылдары қалмақтармен соғысып, жеңіп, көп олжамен ауылына қайтып оралғанда, Тоқбике әжеміз— Асанның әйелі екіқабат екен, келу қарсаңында босанып, ұл туып ты. Көп олжамен соғыстан қайтып оралған Асан қуанып сол баласының атын олжа деп қойыпты.
Тағы да бір жаугершіліктен қайтқанда, үйіне келгенде екіқабат әжеміз Тоқбике қодас етіне жерік екенін айтыпты. Атамыз аңға шықса үш қодас алдынан қашыпты. үшеуін де ұстап алып, олардың екеуін босатып жіберіпті де, біреуін жерік болған әжемізге әкеліп сойып, асып, жегізіп жерігін қандырыпты.
осыдан кейін әйелі бір ұл туып, атын Қодас қойыпты. олжадан—Есен, ал Қодастан—Шеру, екі арыс тайпа ұрпақтар тараған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *