Руым—Шұбарайғыр, ұраным—Қожаберген

Руым—Шұбарайғыр, ұраным—Қожаберген
Абақтың үшінші ұлы Құтбердіден—Бағаналы, Жаппас екеуі. Жаппастан: Кенел, Жабай. Кенел жас кезінде үйсін еліндегі өміржол деген байдың қызы Ақшыраққа көңіл қосып жүргенде, әкесі Ақшырақты бір байдың ұлына айтырады. Кенел Ақшырақты алып қашып кетеді. үйсін жағы дау көтеріп, үш жүздің бас қосқан жиынында әр жүзден адам шығып, үш жыл іздейді. Табылмаса, жүз жыл тосуды, табылса, орта жүзден үш адамның құнын алуды кесім етеді. Арт жағынан осындай дау туып, ауыр жағдай болып жатқан соң Кенел өз атын «Мұғылға» өзгертіп, қырғыз елінің Мұндыр деген руына барып сіңіп, мекендеп, өсіп, өркен жаяды. өз тектерін айтпауға ант еткендіктен, қатты сыр сақтайды. Кенелден Мәнжол, Қаңылы туады. Мәнжолдан—Байбағыс, Келбағыс екеуі. Кейін Келбағыс балаларын алып, өз елі Жаппасты табады. Сонда әкенің де, баланың да мінетін жалғыз шұбар айғыры бар екен. Ел оларды «Шұбарайғырлы» деп жүріп, оның ұрпақтары «Шұбарайғыр» атанып кетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *