Көшебе мен Сибан

Көшебе мен Сибан
Танаш би өзінің үлкен баласы Балғаны Сібір татарының бегі Ағайынбектің қарындасы Ғалия сұлуға үйлендірген. Балға мен Ғалиядан Әзім есімді жалғыз ұл туған. Әзім туған соң, көп ұзамай Танаш бидің бәйбішесі Айша да босанып, бір ұл тауыпты. Ел жайлауға көшіп жатқан кез болса керек, баланың атын Көшебе деп қояды.
Дәл осы тұста Танаш бидің інісі Апбас батырдың әйелі Бәтиха да босанып, ол да бір ұл тауыпты. оның атын Жайлаубек қояды.
ырымшыл қазақ Әзімнен кейін екі шешесінің бірдей босанғанын жақсылыққа балап, Әзімге жеңгелері: «Сыйлы бала», «Сый бала» деген жанама ат қойып алады. Сол жанама есім еркелете атау барысында «Сибан» болып кетеді. Ашамайлы керейдің Сибан руы—осы Сибанның (Әзімнің) өсіп-өнген ұрпақтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *