«Бодансыз Керей» аталу мәнісі
«Керейден бір Жәнібек деген батыр шығыпты. Шақшақ Жәнібектің жиені екен»,—деп естіген едім. Бұл «Ер Жәнібек» атаныпты. Мұның қылған ісі: «Керейді орысқа қаратпаймын!—деп,—Алатау мен Алтай тауының аралығында Алакөл деген көл бар, бір өзіне жеті өзен құяды. Тайы құлындап, тайлағы боталайтұғын жер, бұл Сарыарқадан да артық, Жиделі-Байсыннан да артық!»—деп, елін солай қарай аудырыпты. өзіне ерген ел барыпты. «Қалғанын тағы алып келемін! деп, бұл жаққа келіп қайтып бара жатқанда, ажал шап етіп аяғынан алып, жолда өліп, қайда өлсе де, бұл күнге шейін аты жоғалған жоқ»,—дейді. Төрт атаның ұлы Керейдің екі атасының ұлы сол жақта есепсіз бай «Бодансыз (бодамсыз) Керей атанған» деседі.