Жетімдер

Жетімдер
(І нұсқа)
Мелдеби атамыздың үлкен әйелдері: Құндыз, Бибайша, кіші әйелі Жезбике болды. Бибайша орта жасқа келгенше перзентті болмаған екен. Екінші әйелді сол себепті алса керек. Кіші әйелі Жезбике ұл тауып, атын Құдайберді қояды. Мұның лақап аты «Көктіңұлы» атанып кетті.
Анамыз Құндыз да жылап жүріп бір балалы болды, атын Тәңірберді қойды дейді. Бұның жанама аты «Көтенші» атанып кетсе керек. Көктің ұлынан: Құлшығаш, Байлар, Жандар, Алғи (Алпас), оразкелді, Қаракөсе (Қаракөби), Тоқболат. Бұл бес баланың әулеті Көктіңұлы деген елдер болды дейді. Көтенші мен анамыз Бибайша орта жасқа келгенше перзенті болмай көп айлар тарығып жүргенде, Бибайша анамыз жүкті болып, ұл туды деседі. Байдың жүрегі жарылып қуанып, өз заманындағы ишанын шақырып алып: «Тақсыр, сіз де балаға тілектес болыңыз»,—деп, бір шұбар жорға береді екен. «Тарығып жүргенде Құдай берді» деп, баласының атын өзімен серік болсын деп, сүйеніш болғай деп Сүйеніш қояды. Баланы ишанның етегіне салып, батасын алып қалды дейді. Көтеншінің кіші әйелінен: Мақы, Софы, Досымқұл. Досымқұл Қарашық бойында хан болған.
Сол кезде Қарашық бойында Азарғ деген шаһар бар еді, ханы
Алихан (Бегәлі) деген төре еді дейді. Бұл хан зор хан екен. Мұның
17-85
жалғыз ғана Сұқсыр ханым деген қызы болды. Қарашық шаһа ры қырық қақпалы шаһар еді дейді. Бұл Алиханның жалғыз қы зы бой жетіпті, мұны көрген хан өз қол астында бір зор жігіт бар еді, оның есімі—Атам төре еді. Соны хан шақыртып алып, қызын берген екен. Күндердің күнінде күйеу баласы ханға қастандық ойлапты, оны сезген хан Атам төрені дарға асып өлтіреді. Қызы жесір қалады. Қызы бір жылдай отырып қалады. Хан жақсы көретін адамдарының бірі Көтенші (Тәңірберді) еді. Шақыртып алып, қызын Көтеншіге береді екен. Содан Сұқсыр ханым анамыз қаза болды дейді. Баланың атын Досымқұл қойған екен. Бұл баланы анамыз Бибайша асырап еді. Досымқұлға бір әйел алып беріп, бөлек үй қылып қояды. Досымқұлға ақыл айтып, басшылық қылатын үлкен ағасы Сүйеніш еді. Бұл Досымқұл етек астында жетім қалған соң, «жетім» аты қалмаған екен. Бұл кісінің ауылы да «Жетімнің ауылы» болып атала береді дейді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *