Тоқболат
Жабаттың тағы бір баласы Көккөзден Тоқболат, Ақпанбет, Тоқпанбет, туған. Тоқболаттан: Барақ, Қарасақал. Барақтан Түкетай, Масакөшек, Жиенас, Жұдырық. Барақ батыр кісі болған, одан тарағандар: «біздің бабамыз Тәшкеннің қақпасын талқандаған екен» деп мақтаныш қылады. оның кіші баласы да әкесі сияқты қарсы келгенді бетіне қаратпайтын жаужүрек болған. Содан өз аты ұмытылып, «Жұдырық» атанып кеткен.
Ақпанбеттен: Тойты, Бұғы.
Тоқболат пен Жандар еншілес болған, көпке дейін қыз алыспаған. Бері келе Тойтының бір баласы Жандардың Қара шаш деген қызына ұрын барып қояды. Содан екеуін ортаға алып, қаралап жатқанда Қарашаш былай деген екен: Қаңтарда бура мас, Көктемде айғыр мас. Байдың қызы мен баласы Қысы-жазы бірдей мас. осындай бір іс болды, Аламын десең, міне, бас!
Ақсақалдар уәжге тұрып, жеті атадан асса болды емес пе деп, екеуін қосқан екен. осыдан кейін Тоқболат пен Жандар қыз алысып кеткен.