Жетімдер
(ІІ нұсқа)
Нағанайдың қонысы отырар деген қаланың қасында болады екен. Бір күні Нағанайдың бір үйір жылқысы жоғалып, әкесі Мелде би деген жастау баласына: «Ас-ауқатыңды алып, қарап кел!»—деп жіберсе, артынша отырар қаласын қалмақтар басып алып, ел бет-бетімен тарай бастайды. Нағанайдың отыз ұлы сегіз әйелден екен. үш бала—орынби, Жығалы, Мелдеби бір анадан. Қалмақтар шауып отырар халқы үдіреп көше бастады. Бұл отыз ұл бастаған ел Жиделі Байсын, ысар, Күлеп жаққа қарай шұбырады. Бағзын ба, Нұрата ма деген жерге жеткенде, жоқ қарай жеткен Мелде бимен шешелес орынби мен Жығалы ақылдасып: «Біз көштен қалайық. Анау жылқы қарап кеткен баланың өлі-тірісінен хабар естігенше осы жерде болайық»,— деп, мәміле қылады. Бірақ Қарақалпақ Байымбет бидің елінде жүріп кеусанмасах істеп жүрген екеуіне де Бадының күні өтіп, ауырып қаза болған секілді. Екі ағасының екі әйелі екі баласымен қалады. Жығалының әйелінің аты—Бозан, баласының аты Бозым еді.
Ендігі сөзді жоқ қарай кеткен Мелде биден айтайық. Мелде би келсе, ел басып кеткенін көріп, аң-таң болып тұрғанда жа нашыр адамдар: «олардан хабар естігенше оларды іздеме, іздеймін деп өзің майып боласың»,—деп ақыл айтады. Қырық қақпалы Қарашықтың ханы Бегалы хан дегенге қызметші жігіт болып күн өткізеді. Күндердің бір күні Мелде бидің екі ағасы Байымбет бидің елінде жүріп қаза болыпты. Екі жеңгесі екі баламен қалыпты деп, Мелде биге естіртеді. Мелде би естіген соң, Бегалы ханнан қол, күш жинап, жолға шыға екі інісі мен екі жеңгесін алып келеді. орын биден қалған Бозымның баласы Божан болды. Кейіннен балалары өсіп, ел-жұрт болған соң, «Божан» руы содан шықты. Жығалының баласы Құлыншақ тан Құлшығаш туды. Бұлар елге келген соң Бозан жеңгесі қаза болды. Мелде би Жезбике жеңгесін өзі алады. Мелде бидің өзі нің қыздай алған әйелінің аты Құндыз еді. Құндыз бәйбіше бала көтермей жүрсе керек, Жезбике жеңгесі бала көтереді, бұны Құндыз бәйбішесі қызғанып айтатын сөзі бар.
Мелде би жоқта көшіп, айы-күні жеткен Жезбикені жезөкше атандырып, көшкенде жұртқа тастап кеткен. Алланың әмі рімен аман-есен ұл тұған, шүберек таппай оны көк жапырақ қа орап алған, осы себеп баланы «Көктің ұлы» атандырады. Болмаса шын аты Тәңірберген екен. Құндыз бәйбіше ұзамай бала көтеріп, ұл туып, атын Тәңірберді қояды. Келе-келе жұрт «Көтенші» атандырады.
Мұның Көтенші атану себебі—Мелде би атын ерттеп бір жаққа жүретін болса, ерке бала әр нәрсесін әр жаққа апарып тастайды екен. Басқа адамдар балаға ұрысса, мазақ қылып кетеді екен. Мелде би өзі айтады-мыс: «Бұл балаға ұрыспаңдар, бұл бала күшіне сенген бәйбішенің баласы ғой. Бұдан былай сендерге «көтен зорлық» жасайтын болады»,—десе керек. Сөйтіп жүріп бала өзін «Көтенші» атандырған. 