Қаракерей руы
…Қазақ пен қалмақтың соғысы кезінде 100-дей жасақ жинап, оны жас, қайратты жігіт Ақбелбеу басқарады. Соғыс алма кезек жеңіспен аяқталып отырады. Кешке қарай демалуға сайды өрлеп, үлкен шатқалдың ішіне ене бергенде, жау алдын ала жасырынып жатқан екен. Ақбелбеудің адамдары қоршауда қалғанын сезіп саса бастайды. Қалмақтар қуанып, өзінің көптігіне сеніп, қыспаққа алады. Сонда Ақбелбеу өзінің жігіттеріне қоршауды бұзу үшін, бала кезінен садақ тартып жүрген жолдастарына: «Нар тәуекел—бізді құтқаратын жол, оқты қарша боратып қоршауды бұзу керек»,—дейді. Содан, қарамағындағы жігіттері садақты қарша боратып атқылай ды, қалмақтар сасады. олардың ойы өздерінің көптігіне сенгені
16-85
және сайдың ішінен ешқайда қаша алмайды деген жоспаройы іске, аспай өздері көп садақтың оғынан қырылып, алдынан жол ашады. Содан Ақбелбеуліктер аман-есен құтылады. осы ерлігі үшін ақсақалдар қуанышты той жасап: «Сені оқты жаң бырша боратқаның үшін және еліңді аман құтқарғаның үшін халқың «Жаңбыршы батыр» деп атайды»,—депті. Содан Ақбелбеу атамыз «Жаңбыршы» болып аталып кеткен.