Терістаңбалы найман туралы аңыз

Терістаңбалы найман туралы аңыз
(ІІ нұсқа)
Терістаңбалы атанатын найман—осы Ақтана тұқымы. оның себебі Ақтана мырзаның малы аса көп болып, малының есебіне жете алмай, танымағандықтан, малын әркім пайдаланып кете бергенін өзі танымайтын болыпты. Сонда әкесі Ақтанбай мырзаға айтыпты: «Сен, балам, малыңа ерекше артық, теріс жағынан таңба салсаң, малыңды кім болса, сол таниды», депті. Сонымен теріс жағына таңба салып, «Терістаңбалы» атаныпты. Және осы Терістаңбалы Найманның ноқта ағасы атанады. Сүгірші өзін күтіп, тиемін деп отырған жеңге алған әйелінен туады. үлкен болған соң, «ноқта ағасы» деп кеткен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *