СУАН РУЫ
Бағыс Суан
Қазығұрт тауының оңтүстік бауырынан Келес өзені ағады. Келесті көргенде Асан Қайғы: «Екі Келес, бір Талас тастамай ат сауырына артып жүрер жер екен»,—депті. «Таяқ ұстап келген тай мініп кетеді, тай мініп кеткен таяқ ұстап қайта келеді»,— депті тағы бір бабамыз. осы Келес өзенінің саға тұсында Бағыс Суандар тұрады.
Суан ерке, сері бала екен. Жиырмалардағы жігіт кезінде бір күні астына ақ шабдар ат мініп аңға шығыпты. Жапанда келе жатып бір қашқынға жолығады. ол қырғыздың ханы екен. Екі хан соғысып, бұл жеңіліп қашып келеді екен, астындағы аты әбден болдырыпты. Суан астындағы ақ шабдар атын ханға беріп, оның болдырған атын алып қапты.
Хан сонда: «Балам, мә, қамшымды сен алшы!»—деп, қамшысын беріп кетеді. Артынан жеткен қуғыншылар Суанды ұстап алады да, ауылдарына әкеп көгендеп қояды. «Хандары ңа айтар арызым бар!»—деп Суан өтініш айтады. Ақыры хандарына алып келеді.
Хан:
—Менің жауыма неге атыңды бердің? Қолға түсетін жері нен құтқарып жібердің? ол сенің кімің еді?—дейді.
—Мен оны танымаймын, бірінші көргенім—сол. Сұрасам, елдің ханы екен. «Хан өлсе, халқы қараң қалады ғой»,—дедім де, атымды бердім. Ханды сыйлау қашаннан айып болушы еді?—дейді Суан.
Ханға Суанның сөзі ұнайды. Босатады да, иығына шапан жауып, ауылына қайтарады.
Ал сол кезде қуғыннан құтылған хан аман-есен еліне келіп отыз күн ойын, қырық күн тойын жасап жатады.
Еліне: «Егер мені құтқарған жігіт осы отыз күннің ішінде тойға келсе, қызымды қалыңсыз берем, оған қоса өз атын өзіне қайтарам, ал егер келмесе, оған мұның екеуі де жоқ»,—деп жар салады. Бірақ жігіт келмейді. «ойпырмай, қыз бен ат бекер иесіз қалатын болды-ау»,—деген қу жігіттер ханға келіп: «ол жігіт мен едім»,—десе, хан: «Сен болсаң, белгіңді көрсет!»— дейді. Белгі дегені не екенін біле алмай, олардың мысы құриды. Сөйтіп, жиырма тоғыз күн өтеді. Ауыл-ауылдағы барлық жігіт түгенделеді, бірақ құтқарған жігіт жоқ. Соңғы күні бір қойшы қой шетіне келіп, бір жігіттің кеше кешке ұйықтағанын, содан әлі ұйықтап жатқанын хабарлайды. Хан жасауылын жіберіп, әлгі жігітті алдырады. Жолай жасауылдан мән-жайды ұққан Суан:
—Сізді құтқарған мен,—дейді ханға.
Хан сенбей, қасына шақырады. Сонда Суан қойнына тығып жүрген ханның қамшысын алдына тастайды. Хан енді сенеді.
9-85
—Қырық күн той жасап, қызымды берем. Туыстарыңнан кім бар? Құдаларымды алдырайын,—дейді хан. Ағам Албан бар, інім Дулат бар,—дейді Суан. оларға: «Құдалыққа келсін!»—деп сәлем жібереді. Сәлемді естіп, оған Албан сенеді де, Дулат сенбейді: «оған хан қызын беруші ме еді?!»—дейді.
Албан келіннің қалыңмалы деп бір қора жылқы айдап ханға келеді. Жылқының шаңын көрген хан алдынан жасауылын жібереді. «Мен қызымды қалыңмалсыз берем дегем»,—деп жылқыны жолдан кері қайтарады. Сөйтіп, Суан қалыңмалсыз үйленеді.
Сол қырғыз анамыздан Қарабас атты ұл туады. одан Албаба деген ұл туып, одан Ханбағыс, Досбағыс, Ешбағыс немесе Сарыбағыс атты үш ұл туады.