Бозымның Айттан көптігі туралы аңыз
Атамыз Таубұзар деген кісі балуандықпен ел шауып, дүние кезіп жүріп, үндістан деген шаһарға кезігіпті. Бұл шаһарда Мысыр қиссасы, Нұр қиссасы деген екі палуанмен кездесіп, шаһар халқы болып бұл үш палуанды күрестіретін болыпты. Сонда Туабұзар айтыпты:
—Мен бекер ел кезіп жүрген адам емеспін,—депті,—менің екі жетімдік бәйгім, алып жүрген алтын-күмісім бар, мынау екі палуанмен күрестірсеңдер, жығылсам, осы екі жетімдік алтынкүмісімді осы шаһардың ие адамына беремін. олжа қылып алсын. Егар палуандарыңды жықсам, осы шаһардан екі жетім беріңдер.
Сонда шаһардың екінші бастығы Әбділғазиз деген көне ғылыми мешіт иесі бар екен. Бұл кісінің қолында ата-анасынан туа жетім қалған екі ұл бар екен. Ахмет уәли, Қожа Ақмет ясауи деген балалар екен. Әғылыми Әбділғазиз шаһар халқын жиып алып, мешіт майданында үш палуанды күрестіріпті. уәде, тоқтам мешіт иесімен болыпты. Бұл Таубұзар алты күн күресіп, бұл шаһардың екі палуанын жығыпты. Әғылыми Әбділғазиз бұл кісіні неше күн мейман етіп, бұл Таубұзардың бәйгісіне қасына екі бала—Ахмет уәли, Қожа Ахмет ясауиды қосып беріп, барлық шаһар халқы болып жолға салыпты.
Бұл Таубұзар неше күн жол жүріп, Шекті деген елге келіпті. Бұл елде Көтібар деген бай бар екен. Бұл кісінің бірнеше әйелі бар екен, барлығының баласы жоқ екен. Туса да тұрмайды екен. Сондықтан ел-жұртын жиып алып, Таубұзарды ауылына қонақ қылып, бастан өткен көне тарихын, төрт әйелінен бір пер зент жоқтығын айтыпты:
—Мынау алып келе жатқан екі баланың бірін бер, менің атым өшпесін, сенің Таубұзар атың әлемге жайылсын!»—деп. Жылқыдан ақбоз биені алып кеп сойып, асықты жілігін Ахмет уәлиге ұстатып, бұл Көтібарға беріпті.
Сонда Таубұзар Көтібар байға айтыпты:
—Сен атам үш жүздің кенжесі едің, бермесем жолым болмас»,—деп,—өсіп-өнгін!—деп Ахмет уәлиге батасын беріп,
Көті бар байға беріп кетіпті.
Таубұзар Қожа Ахмет ясауиды еліне алып келіп, Айт, Бозым екі баласына, еліне жөнін айтып, бұрынғыша асық жілі гін ұстатып бала ғып алыпты.
Айт пен Бозым өсіп еншілерін алып, екі ауыл болып кетіпті. Ағасы Айт бай болыпты. Інісі Бозым кедейлеу адамның бірі болыпты. Әкелері Таубұзар өлген соң, інісі Бозым саудамен айналысыпты. Таубұзардың үлкен үйінде Қожа Ахмет ясауи, Бозым, қарындасы Қарашаш үшеуі осы үлкен үйде болыпты.
Неше жылдар өткеннен кейін бір үлкен көпестің бай керуені келіпті. Сол керуенмен бірге інісі Бозым сауда қылып, ел аралап кетіпті. Бұл Бозым жоқ уақытында қарындасы Қарашаш жүкті болып қалыпты. Мұны Айт ағасы біліп, баяғы Қожа Ахмет ясауиды өлтірмек болады екен.
Сонда атамыз Сарының үлкен ұлы Сүйерқұл кәрия келіп, Айтқа айтыпты:
—Мұны неге өлтіресің, сен алып келген жоқсың, сенің әкең, менің інім—Таубұзарым дүние кезіп жүріп, сен екеуіңе іні қылып, еншілес болып едіңдер, енді мұны өлтірмеңдер, осы Бозыммен бірге осы үлкен үйіңде болсын, ұл туса атын өзім қоямын,—депті.
Жылдардан жыл өткенде бұл Қарашаш ұл тауыпты. Бұл Қарашаш толғатқанда Қожа Ахмет ясауи баяғыда атасы Таубұзар беріп кеткен кіші жүз Көтібар байдағы інісі Ахмет уәлиді іздеп, соған қашып кетіпті.
Ендігі сөзді Қарашаш қыздан естіңдер. Бұл толғатып ұл тауыпты. Шүйінші сұрап бір кедей ағасы Айтқа барыпты. Бұл Айт мұны өлтірмек болыпты. Мұны Таубұзардың ағасы Сүйер құл естіп, шүйінші сұраған кісіге ат мінгізіп шығарыпты. Сүйерқұл кәрия келіп баланы бесікке салып, атын Жиенқұл қойыпты. Сонда Сүйерқұл кәрия бата беріпті Қарашашқа: «Кейін ме нің тұқымым қанша өссе, шырағым, Бозым екеуіңнің тұқы мың соншама өссін!»—деп бұл кісі бата беріпті. Сол себептен Айт тан Бозым көп, барлық қыстақ «Бозымбыз» деп сөйлейді.