ЫСТЫ РУЫ

ЫСТЫ РУЫ
[Жалмембеттің Сыландыдан өрбіген ұрпағының «Ысты» атануы]
(І нұсқа)
Бәйдібек бидің екінші әйелі сұлу Зеріптен Жалмембет туған. Жалмембеттің бірінші әйелі—Қоңырат ішіндегі әйгілі Қызыл бидің (Мелде би) қызы Жұпар. осы Жұпар ұзатылғанда өзімен бірге бірнеше күтуші қыздар еріп келсе керек. Солардың ішінде ақылына көркі сай Сыланды есімді бір қыз болады. Кейін осы қызды Жалмембет ұнатады да, бәйбішесі Жұпар дың ризашылығымен екінші әйелі етіп алады.
Сыланды үнемі таза киініп, үстіне иіс май сеуіп жүретін кербез жан болса керек. осы қасиетіне бола Сыландыны Бәйдібек тің кіші әйелі Нүрила (Домалақ ене) «иісті келін» деп ерке летеді екен. Дуалы ауыз Нүриланың қас-қабағын баққан төңіре гі де Сыландыны «иісті» деп атап кетеді.
Сыланды алғаш құрсақ көтеріп, ұл тапқанда тілеуқор енесі Нүрила баланы жерге түсірмей етегіне орап алып, өзінің емшек сүтімен ауыздандырып: «ұрпағың өсіп-өркендесін, өзің сияқты иісті болсын!»—деп тілек айтыпты. осы «иісті» сөзіне орай «Жалмембеттің Сыландыдан өрбіген ұрпағы «ысты» атанып кетіп еді»,—дейді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *