«Бәйбішенің баласы», «Үш тоқал» туралы]
Бәйбішеден туған Ақтөбет, Бертіс ерте марқалап өсіп, кейінгі үш қатынының балалары кенжелеп өседі де, аз болады. «Аздың атасы бір» деген, біз бірігіп жан сақтайық»,—деп, Әлти, Қосай, Баянай бірыңғай болып, бұлар «үш тоқал» атанып, үшеуі еншілес болады. Ақтөбет, Бертіс тұқымы «Бәйбіше» атанады. осы күнге дейін ел арасында «Бәйбішенің баласы», «үш тоқал» десіп, Жәрімбет ұрпағы екіге бөлінеді.