Симпатикалық адреналды криз типі бойынша ұстамалар болған кезде тамырларды кеңейтетін дәрілермен қоса аз мөлшерде аминазинді тағайындайды және ауырсынуды басатын заттарды иньекция түрінде қолданады. Наркотикалық препараттарды сақтықпен қолдану керек. Терапевтік комплекстің құрамына емдік гимнастика, гидротерапия, мойынның вегетативті түйіндеріне эуфиллинмен фонофорез, массаж, сонымен қатар психотерапия қолданады.
Еңбек ету қабілетінің сараптамасы. Аурудың бастапқы кездерінде еңбек ету қабілеттері сақталынады. Осы жағдайларда амбулаторлық, стационарлық және санаторлық жағдайларда міндетті түрде арнайы ем жүргізіледі. Емнен соң және бұзылған қызметтердің қалыптасқанынан кейін бұрынғы жағдайда жұмысын жалғастыра береді.
Шамалы айқындық кезеңдерінде стационарлық жағдайда арнайы ем жүргізіледі және рационалды түрде еңбекке орналастырып, санаторлық курорттық ем ұсынылады. Бұндай адамдарды жұмысқа орналастыру кезінде өзіндік қиындықтары бар. Кейбір жағдайларда ондай адамдарды дәрігердің қарауымен және радиотолқындардың аз мөлшердегі байланыстарымен сол жұмыстарында қалдырады.
Айқын кезеңінде, әсіресе, жиі церебралды криздермен диэнцефалды жетіспеушіліктер кезінде сәулелерді бөлетін жұмыспен байланысты үзу керек. Жалпы қабылданған критерилер бойынша мүгедектікке акуысчтыру сұрақтары шешіледі. 1-2 жылдан кейін егер науқастың жағдайы жақсарған болса науқастың мүгедектігін алып тастайды. Катаракта анықталған кезде процестің өршу қауіпіне байланысты жұмыс істеу көрсетілмеген. Жалпы соматикалық аурулардың айқын түрлерінде басқс жұмысқа ауыстырылады. Әйелдердің жүктілік кезінде және бала емізу кездерінде, сонымен қатар 18 жасқа толмаған жасөспірімдер жұмысқа жіберілмейді.
Алдын алу. Радиотолқындардың әсерлерінен пайда болған ауруларды алдын алу үшін, арнайы инженерлік техникалық шаралар жүргізілу керек, қатаң түрде техникалық ережелерді сақтау керек, еңбек және демалыс, рационалды тамақтануды ұйымдастыру керек.
СВЧ әсері бар жағдайларда жұмыс істеген кездерде, 12 айда бір рет окулист, невропатолог, терапевтің қатысуларымен кезеңді түрде медициналық қараулардан өту керек, ал УВЧ (ультра қысқа толқындарда) және ВЧ әсерлері кездерінде 24 айда бір рет өтіп отыру керек.