Гипоталамиялық синдром мидың үлкен шарындағы қыртыстың биоэлектрлік белсенделегендегі өзгерістер түрінде сипатталынады (ЭЭГ белгілері бойынша).
Вегетациялық дисрегуляция белгілері көміртегі алмасуларының бұзылыстарымен қанның құрамындағы белок құрамының жалпы белок және диспротеинемия құрамдарының жоғарлауымен жүреді. Қандағы липидердің — триглицерид, беталипопротеид, холестерин және фосфолипидтердің жоғарлауы, хлорид және кейбір электролит көрсеткіштерінің төмендеуі, қандағы гистамин деңгейінің жоғарлауы.
Шеткі қанда цитопенияға бейімділік, сонымен қатар, эритроциттердің спалы жетіспеушілігі, хромосом аберрациясының жиілігінің жоғарлауы, қан клеткасындағы цитохимиялық өзгерістер (лимфоцит, нейтрофил, тромбоцит және эритроцит), нейтрофилді қатардағы жетілген клеткалар санының азаюы және сүйек миындағы эритропоэз белгілері.
Көру ағзасы жағынана баяу үдемелі катаракт дамуы мүмкін. ЭМА әсерінен аз қарқындылықтағы СВЧ кезінде бұндай өзгерістер анықталмайды. Бірақта ангиопатия түріндегі тамырлардың торлы қабаттарындағы өзгерістер және ретиналды тамырлардың склероз белгілері, кейде макулярлы аймақтағы дистрофия ошақтары болады.
Электромагниттік сәулелердің сүлелі әсерлері және негізінен бейспецификалық реакциялар негізінде көрінетін бұзылыстар зақымданулардың анықталуын қиындатады. Ол ауруға тән сипаттарна анализдің динамикадағы даму процесіне, науқасты жан жақты тексеруге, еңбек ету қабілетіне негізделген. Соңғысына циркуляторлы бұзылыстармен астениялық синдромның дамуы, бас миының биоэлектрлік белсенділігінің өзгерістері, диспротеинемия, дислипидемия, дисэлектролитемия, белгілі дамуы бар және клиникалық көріністері тән. өзіне тән ерекшеліктеріне пароксизмалды вегетативті – тамырлақ өзгерістер, соматогенді астенияға байланысты, бас миының психогенді немесе органикалық бұзылысары тән.
Емі: қыртысты қызметтердің жағдайын және вегетативтік тамырлық реакциялардың басым түрлеріне ескере отырып салыстыруды жүргізу, науқастың жалпы жағдайын, сонымен қатар ағзаның жеке ерекшеліктеріне қарап жүргізеді.
Астениялық синдромдары бар науқастарға жалпы күшейтетін және седативті ем, витаминді ем (В,С топтары) тонусты жоғарлатын заттар тағайындалады. Вегетативтік тамырлық бұзылыстар басым болған жағдайларда комбинирленген әсерлі (беллоид, беллатаминал) холинолитикалық заттарды қолдану көрсетілген, сонымен қатар алдын ала аз мөлшерде инсулинді тері астына енгізумен глюкозаны тері астына енгіземіз.
Гипоталамиялық синдромы және гипертониялық түрдегі нейроциркуляторлы бұзылыстары бар науқастарға аз мөлшерде транквилизаторлар (седуксен, тазепам және т.б) және антигистаминді препараттар, сонымен қатар тамырды кеңейтетін және гипотензивті заттарды тағайындайды. Коронарлы жетіспеушілігі бар науқастарға миокардтағы қан айналымды жақсартатын және тәжді қан айналымды жақсартатын препараттарды тағайындаймыз.