|
Қауіпті заттың не заттар тобының аты |
Қауіпті заттардың көзі |
Ағзаға тигізуі мүмкін әсері |
Қауіпті заттардан қорғауға нұсқаулар |
|
1. Ауыр металдар (Hg, Pb, Cd, As, Cu, Zn, Mn, Co, және т.б.) |
Бояулар, шайынды сулар, қалдықтарды жағу, сынапты шамдар, автомашиналардың газдары, жасанды мата, пластмасса. |
Cd – қаңқада өзгерістер, бұйрек аурулары; As -терінің қатерлі ісігі; Hg — жүйке жүйесін зақымдайды; Pb — бүйрек, бауыр аурулары. |
Ауыз суды тазалғыш фильтрден өткізу; суда еритін бояуларды пайдалану, көліктерді қорғасыннан тазартылған бензинмен қамтамасыз ету. |
|
2. Ұшқыш органикалық қосылыстар |
Еріткіштер, тазалағыш құралдар, дезинфекциялаушы заттар, бояулар, желім, пестицидтер, ағаш сүрегінің консерванттары |
Хлорлы еріткіштер – қатерлі ісіктер, ісіктер Галогенді көмірсулар – жүйке және жүрек тамыр жүйесін, бүйрек, бауырды зақымдайды иммунитетті төмендететін диоксиндердің организмде түзілуі, кемістіктер мен мутациялар туғызады |
Қауіпті заттардан бас тарту, жақсы желденетін бөлмеде жұмыс істеу. |
|
3.Формальде гид |
Пресстелген плиткалар, желім, кілемді жабыңдар |
Тыныс алу мүшелерінің ауруы қатерлі ісік, бас айналу |
Формальдегидті жақсы сіңіретін бөлме өсімдіктерін өсіру, қабырғаларға шлак (табиғи смола) жағу |
|
4.Пестицид тер |
Пестицидтердің барлық түрлері |
Ағзалардағы көптеген заттармен реакцияға түсіп,белгісіз қосылыстар түзуі мүмкін
|
|
|
5. Жану өнімдері (СО, NO26 CO26 SO2 және т.б.) |
Темеке түтіні, газ плиталары, автомобильдердің газдары |
Тыныс алу жүйесі мүшелерінің аурулары, қатерлі ісіктер, бас ауруы |
Темекіден бас тарту, мөлмелерді жақсы желдету, автокөлік жұмысын бақылау |
|
6. Шаң |
Дизельді транспорт, жылу электростанциялары, қалдықтарды жағу, тазартқыш құралдары жоқ өндіріс орындары |
Аллергия, тыныс алу мүшелерінің аурулары |
Ылғалды тазарту, желдеткіштерге торлы перделер тұту, бұзылған шаң сорғыштарды пайдаланбау |
|
7. Асбест |
Құрылыс материалдары, жылу изоляторлары |
Аллергиялар, тыныс алу жүйесінің аурулары, қатерлі ісіктер (10 – 30 жылдан кейінгі эффект) |
Асбесті тор материалдарды арнайы пленкалармен қаптау |
|
8. Ауру туғызушы бактериалар |
Ластанған және шаңданған бөлмелер |
Асқазан, ішек аурулары |
Сабынды ыстық сумен жуу, азық-түлікті жабық ыдыста сақтау, тоңазытқыштарды пайдалану |
|
9. Күн сәулесінің жетіспеуі |
Қалалар ауасының ластануы, күн тәртібінің (режим) дұрыс болмауы |
Д витаминінің жетіспеуі |
Таза ауада серуендеу |
|
10. Радиация |
Құрылыс материалдары, ядролық қаруды сынау, авариялар |
Қатерлі ісік аурулары |
Бөлмелерді желдету, таза азық-түлікті пайдалану, и ммунитетті күшейту. |